Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2023 жылдың 1 қазан айына АНЫҚТАМА

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына

бөлінген қаржының игерілуі туралы

2023 жылдың 1 қазан айына

АНЫҚТАМА

        2023 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 13 272 899,3 мың теңге.  2023 жылдың 9 айына  төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы  5 683 624,4 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 5 683 314,2 мың теңге,  яғни  100  пайыз.  Оның ішінде:

Жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес  5 683 008,8 мың  теңгеден игерілгені 5 682 698,6 мың теңге, яғни 100 пайыз.

 ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 615,63 мың  теңге толығымен игеріліп, 100 пайыз құрады.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 933 845,0 мың  теңге, қыркүйек айының жоспары бойынша қаралған қаржы 0,0 мың теңге.

 

Дата публикации
05 октября 2023