Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2023 жылдың 1 қыркүйек айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына

бөлінген қаржының игерілуі туралы

2023 жылдың 1 қыркүйек айына

АНЫҚТАМА

        2023 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 13 272 899,3 мың теңге.  2023 жылдың 8 айына  төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы  4 667 215,1 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 4 666 912,5 мың теңге,  яғни  100  пайыз.  Оның ішінде:

Жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес  4 666 599,5 мың  теңгеден игерілгені 4 666 296,9 мың теңге, яғни 100 пайыз.

 ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 615,63 мың  теңге толығымен игеріліп, 100 пайыз құрады.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 933 845,0 мың  теңге, тамыз айының жоспары бойынша қаралған қаржы 0,0 мың теңге.

Дата публикации
05 сентября 2023