«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы
бос лауазымына орналасуға ашық конкурс
ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120009, Қызылорда қаласы, Балқы Базар көшесі, №1а.
Негізгі қызметі: Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтардың медициналық қызметтегі қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру және денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметтер атқару болып табылады.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері.
Лауазымдық жалақысы ___________ теңге (экологиялық коэффициентті есепке алмағанда, еңбек өтілінің жағдайына байланысты).
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның дара басшылық негізінде бас дәрігер басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.