«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс
ЖАРИЯЛАЙДЫ:
Кәсіпорынның атауы:Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі, №52А.индексі 120008
Негізгі қызметі:облыста ЖИТС/АИТВ ауруының алдын алу, емдеу, дер кезінде анықтау және таралуына қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулықсақтаусаласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5жыл.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
Конкурс «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, № 27 үй мекен-жайында өтеді.
Конкурстық құжаттар 2023 жылғы 27 шілдеден 10 тамызға дейін қабылданады. Құжат тапсырудың соңғы күні 10 тамыз, сағат 19.00-ге дейін. Құжат қабылдау Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, № 27 үй мекен-жайы бойынша жүргізіледі, кабинет 208. Анықтама алу үшін байланыс телефоны: 8(7242) 40-04-51 ішкі 3020, 3041.