ХАБАРЛАНДЫРУ
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының
«Қызылорда облыстық тері – венерология диспансері»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:
Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық тері – венерология диспансері»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120000, Қызылорда қаласы, Зейнулла Шүкіров көшесі №7А.
Негізгі қызметі: халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек керсету болып табылады.
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық тері – венерологоия диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігер басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
Қызметтік міндеттері:
Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес дербес шешедi. Кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын және жаза қолданады.
Белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi. Өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
Конкурсқа қатысқысы келген үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта, казпошта арқылы немесе үміткердің өзі көрсетілген мекен жайға құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол үміткер әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы байқау кеңесі шешім қабылдайды. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі № 7А, 2-ші қабат кадр маманы кабинетінде сағат 09 00 – 17 00 аралығында қабылданады. Байланыс телефоны: 87242 – 23-55-70, +7771-822-78-55. E-mail:korda_okvd@mail.ru
Осы бос лауазымды атқарған адамға көтерме шығыстар төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының
«Қызылорда облыстық тері – венерология диспансері»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі.