Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің мүшелері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің мүшелері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу күні: Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

Конкурс өткізу орны: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 27, 2-қабат, 207 кабинет. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты. Анықтама телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3007, 3030).

Орналасқан жері: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№6 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу кұқығындағы коммуналдық кәсіпорны. Индекс 120000, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі 73.
Байланыс телефоны: 8/7242/240550, электронды пошта: gpk6@med.mail.kz..

Негізгі қызмет түрі: Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтардың медициналық қызметтегі қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру және денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметтер атқару болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың болуы:

  1. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  2. Денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  3. Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) кұқық саласындағы коғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: Конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

  1. Конкурска қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
  2. Мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3.Өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

  1. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  2. Жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  3. Қазакстан Республикасы Енбек кодексінің талабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқык бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру. ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді.

Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер:

1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;

2) ____________________ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы" және ___________ дейін ашуға болмайды" (шақыруда немесе мерзімдік басылымда көрсетілген конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурстық өтінім шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде үміткер ұсынған құжаттарды қарайды және үміткердің Талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізеді.

Конкурстық комиссия жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша әңгімелесу күнін, уақытын және ол өткізілетін жерді көрсете отырып, шақыру жіберілетін, Талаптарға сәйкес келетін үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн: Осы хабарландыруды мерзімді басылымда жариялаған күн.

Дата публикации
19 июля 2023