Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

 

         Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120300,  Қызылорда облысы, Жаңақорған  ауданы, Абдолла Алтый Сүлеймен көшесі №1А.

         Негізгі қызметі: тіркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық  көмек және консультациялық - диагностикалық қызмет көрсету болып табылады.

         «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныны бас дәрігері, дара басшылық негізінде бас дәрігер басқарады, ол жоғарғы денсаулық сақтау органымен тағайындалады.

         Қызметтік міндеттері:

         Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес дербес шешедi. Кәсiпорынның атынан сенiмхатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

          Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын және жаза қолданады.

          Белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi. Өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және  босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;

         Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

       "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);

      немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

       немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;

        денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

        басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

        медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

         Білуі керек: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

         Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

         1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

         2) кандидаттың құзыретін бағалау.

          Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады. Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

          Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасына» келесі құжаттарды тапсырады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

      4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

      5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075-е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

       6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

          Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

          Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

          Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

          Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығы негізінде өткізіледі.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындаға уәкілетті органының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) интернет-ресурстарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік  15 (он бес) күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:

           Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аболла Алтый Сүлеймен көшесі № 1А, Мәжіліс залы. Анықтама алу үшін телефон: 8-(72435)-22-3-57, E-mail: crb_janakorgan@mail.ru.

           Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

Дата публикации
19 июля 2023