Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2023 жылдың 1 сәуір айына
АНЫҚТАМА
2023 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 11 919 941,0 мың теңге. 2023 жылдың 1 наурызына төлемдер жоспары бойынша жергілікті бюджет есебінен 1 489 867,5 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 1 489 845,8 мың теңге, яғни 21,7 мың теңге қалған қаржы, 100 пайыз.
Себебі, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» КММ бойынша 12,9 мың теңге, «Облыстық жастар орталығы» КММ бойынша 7,6 мың теңге және «Арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ бойынша 1,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.