Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2023 жылдың 1 наурыз айына
АНЫҚТАМА
2023 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 11 919 941,0 мың теңге. 2023 жылдың 1 ақпанына төлемдер жоспары бойынша республикалық бюджеттен субвенциялар және жергілікті бюджет есебінен 1 275 971,0 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 1 271 534,2 мың теңге, яғни 4 436,8 мың теңге қалған қаржы, 99,7 пайыз.
Себебі, "Облыстық жастар орталығы" КММ 114,0 мың теңге байланыс қызметтеріне келісім шарт жасалуда;
4 205,0 мың теңге игерілмеді,себебі мекеме атауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚРМК Қызылорда облыстық филиалынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚРМК Қызылорда облыстық филиалына өзгеріп, мемлекеттік тапсырыс тізіміне ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен енгізілуде, келісім шарт содан кейын жасалады;
Арнайы медициналық жабдықтау базасы КММ бойынша барлығы 52,0 мың теңге, оның ішінде 5,1 мың теңге үнемделген қаржы, 46,9 мың теңге ақпараттық жүйесіне қол жеткізу қызметіне мемлекеттік сатып алу порталына қайта жарияланып айдың соңғы күні келісім шарт жасалуынан игерілмеді;
65,8 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.