Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2022 жылдың 31 желтоқсан айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына

бөлінген қаржының игерілуі туралы

2022 жылдың 31 желтоқсан  айына

АНЫҚТАМА

        2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 8 803 001,9 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 8 774 155,7 мың теңге,  яғни (28 846,2 мың теңге) 99,7  пайыз.  Оның ішінде:

         Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес  2 918 251,0 мың  теңгеден игерілгені  2 918 139,5 мың теңге, яғни (111,5 мың теңге) 100 пайыз. Себебі,  2,0 мың теңге үнемделген қаржы, 109,5 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.

Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес   4 358 620,0 мың теңгеден игерілгені 4 330 205,3 мың теңге, яғни (28 414,7 мың теңге) 99,3пайыз. Себебі, 337,4 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы, 614,8 мың теңге - мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы, рилузол және  канакинумаб дәрілік заттарына мемлекеттік сатып алу конкурсына ешбір әлеуметтік өнім беруші қатыспауына байланысты 27462,5 мың теңге игерілмеді.

 ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 464 239,9  мың  теңгеден игерілгені  464 239,8 мың теңге, яғни 100 пайыз.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 061 891,0 мың  теңгеден игерілгені  1 061 571,1 мың теңге, яғни (319,9 мың теңге)  100 пайыз. Себебі, 319,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.

Дата публикации
05 января 2023