Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2022 жылдың 1 желтоқсан айына

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына

бөлінген қаржының игерілуі туралы

2022 жылдың 1 желтоқсан  айына

АНЫҚТАМА

        2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 9 330 131,6 мың теңге, 2022 жылдың 1 қарашаға төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы  7 148 098,2 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 6 982 338,9 мың теңге,  яғни (165 759,3 мың теңге) 97,7  пайыз.  Оның ішінде:

         Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес  2 709 250,0 мың  теңгеден игерілгені  2 706 703,0 мың теңге, яғни (2 547,0 мың теңге) 99,9 пайыз. Себебі,  2 427,1 мың теңге үнемделген қаржы, қалған  119,9 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.

Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес  мың  теңгеден 2 755 311,6 игерілгені 2 754 822,9 мың теңге, яғни 100 пайыз.

 ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 626 707,6 мың  теңгеден игерілгені  464 239,8 мың теңге, яғни (162 467,8 мың теңге) 74,1 пайыз. Себебі, 162 467,8 мың теңге үнемделген қаржы, қаржыны қайтаруға Денсаулық министрлігіне хат жолданды.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 056 829,0 мың  теңгеден игерілгені  1 056 573,2 мың теңге, яғни  100 пайыз.

Дата публикации
05 декабря 2022