Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2022 жылдың 1 қараша айына
АНЫҚТАМА
2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 9 558 626,0 мың теңге, 2022 жылдың 1 қазан төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 6 353 620,0 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 6 158 636,0 мың теңге, яғни (194 984,0 мың теңге) 96,9 пайыз. Оның ішінде:
Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес 2 218 550,0 мың теңгеден игерілгені 2 218 024,4 мың теңге, яғни (525,6 мың теңге) 100 пайыз. Себебі, "Облыстық жастар орталығы" МКМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтер бойынша бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен 405,7 мың теңге үнемделген қаржы, қалған 116,6 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес мың теңгеден 2 452 360,8 игерілгені 2 450 886,3 мың теңге, яғни (1 474,5 мың теңге) 99,9 пайыз.Себебі, 628,7 мың теңге Қазынашылық клиент жүйесінің жұмыс жасамауынан, 74,6 мың теңге мердігердің тауарды уақытылы жеткізбеуінен 771,2 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 628 127,2 мың теңгеден игерілгені 464 239,8 мың теңге, яғни (163 887,4 мың теңге) 73,9 пайыз. Себебі, 162 467,8 мың теңге СҚ-Фармация ЖШС келісім шарт болмауынан және 1 419,6 мың теңге соттың шешімімен бюджетке кері қайтарылғанынан игерілмеді.
Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 054 582,0 мың теңгеден игерілгені 1 025 485,5 мың теңге, яғни (29 096,5 мың теңге) 97,2 пайыз. Себебі,28 987,0 мың теңге мемлекеттік сатып алу қарытыдысымен бағанын төмен болуынан өтпеді,109,5 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.