Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына
бөлінген қаржының игерілуі туралы
2022 жылдың 1 қазан айына
АНЫҚТАМА
2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 9 445 939,0 мың теңге, 2022 жылдың 1 қыркүйекке төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 5 436 533,3 мың теңгеден іс жүзінде игерілген қаржы 5 435 646,3 мың теңге, яғни (887,0 мың теңге) 100,0 пайыз. Оның ішінде:
Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 906 036,0 мың теңгеден игерілгені 1 905 417,6 мың теңге, яғни (618,4 мың теңге) 100 пайыз. Себебі, "Облыстық жастар орталығы" МКМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтер бойынша бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен 405,7 мың теңге үнемделген қаржы, қалған 212,7 мың теңге нақты орындалғаннан қалған қаржы.
Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес мың теңгеден 2 118 784,4 игерілгені 2 118 540,7мың теңге, яғни 100 пайыз.
ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 388 445,4 мың теңгеден игерілгені 388 445,4 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.
Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 023 267,5 мың теңгеден игерілгені 1 023 242,7 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.