Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2022 жылдың 1 қыркүйек айына

АНЫҚТАМА

        2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 9 670 626,2 мың теңге, 2022 жылдың 1 тамызына  төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы  4 538 897,4 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 4 537 780,4 мың теңге,  яғни (1 117,0 мың теңге) 100,0  пайыз.  Оның ішінде:

         Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес  1 286 581,0 мың  теңгеден игерілгені 1 285 854,8 мың теңге, яғни (726,2  мың теңге) 99,9  пайыз. Себебі, "Облыстық жастар орталығы"  МКМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтер бойынша  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен 405,7 мың теңге үнемделген қаржы, қалған 301,6 мың теңге аталған мекеменің 2 маманы бала күтіміндегі демалысқа шығуына, 2 маман ақысыз демалысқа шығуына байланысты және 1 маман еңбекке жарамсыз болуына байланысты, 16,5 мың теңге Қазынашылық департаментінен айдың соңғы күні кері қайтарылуынан игерілмеді.

Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 869 511,5 мың  теңгеден игерілгені 1 869 292,2 мың теңге, яғни 100 пайыз.

ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 361 814,4 мың  теңгеден игерілгені  361 650,1 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 020 990,5 мың  теңгеден игерілгені  1 020 983,4 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.

Дата публикации
05 сентября 2022