Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы

АНЫҚТАМА

        2022 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына  бюджеттік бағдарламалар  бойынша  қаралған қаржы 9 670 626,2 мың теңге, 2022 жылдың 1 шілдесіне  төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 4 134 700,8 мың теңгеден іс жүзінде  игерілген  қаржы 4 127 094,6 мың теңге,  яғни (7 606,2 мың теңге) 99,8  пайыз.  Оның ішінде:

         Республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттер бойынша төлем жоспарына сәйкес  1 246 943,0 мың  теңгеден игерілгені 1 244 634,2 мың теңге, яғни (2 308,8  мың теңге) 99,8  пайыз. Себебі, "Облыстық жастар орталығы"  МКМ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтер бойынша  бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысымен 405,7 мың теңге үнемделген қаржы, қалған 1 531,2 мың теңге нақты орындалған жұмыстардан (атап айтқанда: «Мінез - құлықтық факторлардың алдын алу», «Репродуктивті денсаулықты қорғау әлеуметтік жобалар»), аталған мекеменің 2 маманы бала күтіміндегі демалысқа шығуына,1 маман ақысыз демалысқа шығуына байланысты және 1 маман еңбекке жарамсыз болуына байланысты (еңбекақы, әлеуметтік пен ОСМС аударымдардан)  371,9 мың теңге  игерілмеді.

Республикалық бюджеттен субвенциялар есебінен және жергілікті бюджет есебінен  бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес  1 507 259,9 мың  теңгеден игерілгені 1 502 127,4 мың теңге, яғни 99,7 пайыз.

ҚР үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 361 814,4 мың  теңгеден игерілгені  361 650,1 мың теңге, яғни 100,0 пайыз.

Ұлттық қор есебінен бөлінген қаржы бойынша төлем жоспарына сәйкес 1 018 683,5 мың  теңгеден игерілгені   1 018 683,0 мың теңге, яғни 100 пайыз.

 

Дата публикации
05 августа 2022