Notification of a repeat competition to determine the private partner and the presentation of a copy of the tender documentation

Қызылорда облысының әкімдігі, «Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы» МЖӘ арқылы  жеке серіктестікті анықтау бойынша конкурс бастау туралы хабарлайды, «Қызылорда  облысының  медициналық ұйымдарында пренатальды скринингті дамыту» жобасы бойынша әлеуетті жеке серіктестерді конкурсқа қатысуға шақырады.

«Қызмет саласы: денсаулық сақтау.

МЖӘ түрі: шарттық  МЖӘ.

Жобаның мерзімі: 2020-2025жж.

Өңірдегі медициналық мекемелерді гинекология, акушерия, неонатология бойынша заманауи премиум-ультрадыбыстық диагностикалық жүйелермен жабдықтау, ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін мұрағаттау және бөлісудің орталықтандырылған жүйесін құрумен перинаталды скрининг бағдарламасы аясында тез және сапалы диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.

            Жобаны іске асыру барысында жеке серіктес құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және орнату, қоса 4 ауданаралық аурухананың, 3 аудандық аурухананың және №3, №5 және №6 қалалық емханалардың қызметкерлеріне медициналық жабдықтар бойынша оқыту, сонымен қатар сатып алынған жабдықтарды жөндеу үшін жауап береді.

Болжамды шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері: МЖӘ келісімі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу және қолжетімділікті төлеу.

Конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушыларға рұқсат етіледі, «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының  32 бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағ 9-00 бастап 19-00 ға дейін көрсетілген мекен-жайдан алуға болады, Қызылорда қаласы, Абай көшесі 27 «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы». Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ конверттерде мөрленген біліктілік іріктеу үшінде  құжаттарды әлеуетті қатысушылар аталған мекен-жай бойынша мақсатты түрде ұсынады.

Толық ақпарат алу үшін көрсетілген мекен-жайдағы байланыс тел: 40-04-51 ішкі №3022 Электронды мекен-жай: info@uzdr.korda.gov.kz Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2020 ж. 26 наурыз сағ: 15.00,  Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 1 мекен-жайы бойынша 3 қабат, №301  кабинетте жүзеге асырылатын болады.

 

Извещение о проведении повторного конкурса по определению частного партнера и представление копии конкурсной документации
Дата публикации
25 февраля 2020