Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының халықпен жұмысы туралы 2026ж 6 айлық мәліметі

01.01.2026ж.-30.06.2026жж.аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына барлығы 2999 өтініш тіркелінді, оның ішінде 2301 жеке тұлғалардан, 698 заңды тұлғадан, 235 басшы мен орынбасарларының қабылдауына, 522 қоғамдық қабылдауға түскен өтініштер. Түскен өтініштердің 1867 арыз, 169 шағымды, басқа да ұсыныстар- 265 (сауал, ұсыныс, үн қату) құрайды. 376 арызданушы өз өтініштерін қарау мерзімінен бұрын тоқтатуды сұрап, ол өтініштер тоқтатылған. Басқа органға қарау үшін жолданғаны-242. Нәтижесінде көрілген тәртіптік шаралар саны- 17 . Оның 0 қатаң сөгіс, 3 - сөгіс, 14- ескерту; жұмыстан босатылған-0, қызметінен шеттетілгені-0 Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібі 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

 

Дата публикации
27 июля 2026