Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Қызылорда облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтпек.
Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция аймағымызда он бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
💬Осы 15 жыл ішінде облыс бойынша демеушілер есебінен 200 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде 5 мыңға жуық балаға материалдық көмек берілді.» - деді облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Биыл да жылдағы дәстүр жалғасатынын акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Ол үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ат салысып, көмек көрсете алады.
Айта кетейік, көмек алу үшін азаматтар білім беру ұйымдарына (мектепке) өтініш пен жоғарыда аталған санатына жататындығы туралы дәлелдейтін құжаттарын тапсырады. Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар туындаған жағдайда облыстық білім басқармасының 60-54-81 сенім телефонына хабарласуға болады.
Дата публикации
02 августа 2022
Дата обновления
02 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы