Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ 28 ИНКЛЮЗИВТІ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІ, 47 ЛОГОПУНКТ ЖӘНЕ 2 РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ПЕН 2 АУТИЗМ КАБИНЕТІ АШЫЛАДЫ

Қызылорда облысында Балалар жылына орай 28 мектептен инклюзивті қолдау кабинеті, 47 балабақшадан логопункт және 2 ауданнан инклюзивтік ресурстық орталық пен 2 балабақшадан аутизм кабинеті ашылады. Олар балаларға әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және түзету арқылы қолдау көрсетіп, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бұзылысына қарай жағдай жасалатын болады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы өңіріміздегі мемлекеттік балабақшалар арнайы маман және кабинеттермен 100% қамтамасыз етіледі. Онда ерекше балалармен тәжірибелі арнайы мамандар жұмыс жасайтын болады. Оңалту және психологиялық-педагогикалық түзету қызметтері мемлекеттік қызмет болып есептеледі және ол тегін көрсетіледі.
💬Облыстық білім басқармасы ПМПК желісін 50 000 балаға жеткізу мақсатында 2023 жылы 1 ПМПК ашу жоспарлап отыр. Осылайша, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау айтарлықтай кеңейіп келеді, бұл балалар мүгедектігінің алдын алуға және азайтуға ықпал етеді, - деп түсіндірді балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарының желісін арттыру жоспарлануда. Бүгінгі күні облысымызда 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы және 3 арнайы мектеп интернаттары жұмыс жасаған болса, Балалар жылы қарсаңында биыл 1 аутизм орталығы ашылып отыр.
Дата публикации
27 июля 2022
Дата обновления
27 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы