Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту туралы
Облыстағы 671 мектепке дейінгі ұйымында (162 мемлекеттік, 430 жекеменшік, 79 шағын орталық) 56 458 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған. Жеке балабақшалар үлесі – 72,6 %.
Орта білім беру туралы
2021-2022 оқу жылында 311 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 295 (170 297 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 748 оқушы) жеке мектеп жұмыс жасауда. Ондағы оқушы саны - 176 045. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда – 8 193 - ке артты. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 18 721 оқушы қабылданды. Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады. (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп)
Барлық білім беру ұйымдары «ASHYQ» қосымшасына толық қосылды. (311 мектеп, 671 МДҰ, 30 колледж)
Жаңа оқу жылында Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен Қызылорда қаласынан 2 (Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 348 орындық, Шұғыла мөлтек ауданынан 100 орындық мектеп), Жаңақорған ауданынан 4 (Жаңақорған кенті Сана 100 орын, Заңғар 145 орын, Дарын 300 орын, Ө. Жұмаділда атындағы дарынды балалар мектебі 500 орын, барлығы 2 443 орын) жеке мектеп құрылысы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2 мектеп жанынан қосымша ғимараты тапсырылды. (Қызылорда қаласы Махамбет елді мекеніндегі №268 мектебі 200 орын, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №266 мектебі спорт зал)
Осымен қатар, аймақта келесі жылға өтпелі құрылыс ретінде 1 050 орынға 3 мектептің (Арал №71 мектеп, 200 орын, Қазалы ауданы 250 орын, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын) 1 балабақшаның (Жаңақорған 90 орын, Бірлік) құрылысы жүргізілуде.
Аймақтағы балалар санының өсу динамикасын ескере отырып апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2025 жылға дейін 34 мемлекеттік, 18 жеке мектеп құрылысы салынатын болады (оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде).
Жалпы, 2021 жылы облыс бойынша 6 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 4 мемлекеттік (Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданындағы 300 және 600 орындық 2 мектеп, Қызылорда қаласында №268 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс) және 2 жеке мектеп.
Бүгінгі күні 1 мемлекеттік (Арал ауданы 300 орын), 2 жеке мектеп пайдалануға берілді (Қызылорда қаласы Саяхат м.а. 300 орындық және Шұғыла м.а. 100 орындық). Жыл соңына дейін 3 мемлекеттік мектеп (169 жаңақорған, Майбекет, 268 қосымша құрылыс) іске қосылып, жоспар толық орындалады.
Облыста 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясының сайлауды бағдарламасын іске асырудың жол картасына сәйкес, биылғы жылы 48 мектеп модернизациядан өтті (жөндеу жұмыстары, жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен жабдықтау, жиһаздарын жаңарту, кітапхананы жаңғырту). Бұл бағытта облыстық бюджеттен 1,3 млрд. тг. қаралған.
Ерекше оқуды қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беру – қажетті қадамның бірі. Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы іске асырылуда, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін облыста 550 орындық 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде, (Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда) олар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс көлемінде 7 004 оқушы мектеп бітірді. Олардың 5 937-і немесе 84,8 % - ы ҰБТ - ге қатысты. Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған
5 184 талапкердің 4 221 - і мемлекеттік ЖОО – ның білім беру грантына қол жеткізді.
Жалпы бітірушілердің 6 856 – ы оқуға қабылданды. Оның ішінде:
5 461-і (80 % ) жоғарғы оқу орнына, 1 395-і (20 %) арнаулы орта оқу орындарына түсті. Орналасу көрсеткіші 99,6 % құрады (бітіруші түлектердің 78-і жұмысқа, дайындық курсына–22, денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмағандар–10, әскер қатарына алынғаны–1, облыс аумағынан көшіп кеткендер-4).
Техникалық және кәсіптік білім беру туралы
Аймақтағы 30 колледжде 97 мамандық бойынша – 18 940 студент білім алады.
25 колледжде 87 мамандық бойынша 3 788 студент дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алуда. 24 колледжде 78 мамандық негізінде модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы облысымыздағы 10 колледжде жүзеге асуда. (2020 жылы 4 колледж, 2021 жылы 6 колледж).
Сондай - ақ, колледж студенттерін жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. 2021 жылы 2 колледжге (М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі – 200 орын, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі - 200) 400 орынды жатақхана іске қосылды. Сонымен қатар, Арал ауданында 75 орынға арналған (Арал көпсалалы колледжі) жатақхана пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші ірі кәсіпорындарға колледждерді сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өңірімізде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі «Шакенова А.Б» жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілді (облыс әкімдігінің қаулысы рәсімделіп, сатып алу конкурсы жарияланды, жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда, алыс-беріс актісі жасалуда).