Меню

Страницы

Статья

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы

Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінде бүгінгі күні 4 қызметкер жұмыс жасауда (екі қызметкер бала күтіміне байланыс демалыста). Оның ішінде: 1 – бөлім басшысы, 2 – бас маман, 1 – әдіскер (штаттан тыс қызметкер).

Барлығының білімі жоғары.

Бөлім басшысы Дәулеталиев Нұрлан Базарғалиұлы, еңбек өтілі – 12 жыл.

Бас маман Матжанова Зарипа Жармаганбетовна, еңбек өтілі – 38 жыл.

Бас маман Ануарова Қарлығаш Жарқынбекқызы, еңбек өтілі – 31 жыл.

Әдіскер Макашева Алтынай Амангелдіқызы, еңбек өтілі – 24 жыл.

Бөлім қызметкерлерімен 2021 жыл ішінде  347 хат  орындалып, 119 жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап берілген.

Қазіргі таңда облыс бойынша 668 (587 балабақша, 81 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасап, онда 55 497 бала тәрбиеленуде.

1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылуы 85,1%, 2-6 жастағы балалардың қамтылуы 89,7%, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 100% құрап отыр.

2-6 жас аралығындағы балалар саны – 59 139, оның 53 030-ы  мектепке дейінгі ұйымға қамтылған. Қазіргі таңда 2-6 жастан 6 594 бала  кезекте  тұр.

2021 жылы аймақта 1 507 орынға арналған 18 балабақша ашылса, 2022 жылы 1600 орындық 18 жеке балабақша ашу  жоспарлануда. Атап айтсақ, Арал ауданы бойынша 275 орындық                   5 жеке балабақша, Қазалы ауданы бойынша 80 орындық 1 жеке балабақша, Қармақшы ауданы 75 орындық 1 жеке балабақша, Жалағаш ауданы 170 орындық 4 жеке балабақша, Сырдария ауданы 100 орындық 1 балабақша, Шиелі ауданы 65 орындық қосымша топ, Қызылорда қаласында 835 орындық 6 жеке балабақша.

Сонымен қатар, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында                          90 орындық мемлекеттік балабақша құрылысы жүргізілуде (балабақша құрылысын 2022 жылдың наурыз–сәуір айларында іске қосу жоспарлануда).

Облыс бойынша 10 апаттық балабақша бар. Арал ауданында-4, Қазалы ауданы-4, Шиелі ауданы-1, Жаңақорған ауданы-1.

Анықтама ретінде: Арал қаласындағы «Жаңауыл» мөлтек ауданында орналасқан апаттық деп танылған «Толқын» балабақшасы мен «Балдырған» балабақшасын 2022  жылдың қаңтар айынан бастап, аталған мөлтек ауданнан ашылатын жеке балабақша  ғимаратына көшіріліп, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланған.

            «Жазира» балабақшасы орналасқан мөлтек ауданда жақын арада ашылатын жеке балабақша ғимаратының жоқ екендігін ескеріп, 180 орындық балабақша құрылысын  салуды ұсынады.

            Қазалы ауданында 4 балабақша ғимараты апатттық жағдайда деп танылған. Олар:  №3 «Өрімтал» бөбекжай бақшасы, Қожабақы аулындағы №17 «Айгүл» бөбекжай бақшасы, Бозкөл ауылындағы №18 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы, №27 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасы.

            Қазалы қаласындағы №3 «Өрімтал» бөбекжай–бақшасы (676,9 млн. теңге, 23.11.2020 ж №19-0410/20) мен Бозкөл ауылындағы № 18 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы (373, млн. теңге, 28.06.2019 ж № 14-0090/19) ғимараттарын салу үшін 1050,8 млн. теңге қаржыға бюджеттік өтінім берілген.

            Аталған екі балабақша құрылысын жүргізуге ниетті жеке инвесторлар жоқ болуына  байланысты мемлекеттік сараптама мерзімі өтпей тұрғанда балабақша құрылысын бюджет қаражаты есебінен жүргізу қажеттілігі туындауда.

            Каукей ауылындағы № 27 «Бөбек» балабақшасының ғимараты апатттық жағдайда болғандықтан № 225 мектеп ғимаратына орналастырылды.

            Қожабақы ауылындағы № 17 «Айгүл» балабақша ғимараты да апаттық жағдайда болғандықтан 90 орындық балабақша құрылысын салу қажет.

            Шиелі ауданы, Жөлек ауыылындағы балабақша апатты деп танылып, ауылдық әкімдік ғимаратына ауыстырылған. ЖСҚ аудандық құрылыс бөлімінің қарауында жатыр.

            Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылындағы №8 «Айгөлек» балабақшасы             1986 жылы асар әдісімен ауылдық әкімшілікке арналып салынған ғимаратта орналасқан. Сыйымдылығы 40 орындық, қазіргі таңда 43 бала тәрбиеленуде. 

            2021 жылы «KZ Стройэксперт» ЖШС-нің сараптама қорытындысымен апаттық болып танылған. Балабақша құрылысына 2019 жылы ЖСҚ жасалып, сараптамадан өткен. Жобаның құны - 456118,0 мың теңге. Балабақша құрылысын салу қажеттігі туындауда.

2021-2022 оқу жылында 311 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 295 (171 023 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 748 оқушы) жеке мектеп жұмыс жасауда. Ондағы оқушы саны - 176 771. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда – 7 708 - ге артты. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 18 721 оқушы қабылданды. Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады. (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп)

2021-2022 оқу жылына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға 965,3 млн. теңге және бюджеттен қосымша 194,4 млн.тг. қаралып, жалпы қаржы көлемі 1159,7 млн.тг. құрады.

Оқулықтармен қамту көрсеткіші - 100 %.

Жаңа оқу жылында Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен Қызылорда қаласынан 2 (Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 348 орындық, Шұғыла мөлтек ауданынан 100 орындық мектеп), Жаңақорған ауданынан 4 (Жаңақорған кенті Сана 100 орын, Заңғар 145 орын, Дарын 300 орын, Ө. Жұмаділда атындағы дарынды балалар мектебі 500 орын, барлығы 2 443 орын) жеке мектеп құрылысы пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 900 орынға арналған 2 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. (Жаңақорған №169, 600 орын, Майбекет мөлтек ауданы 300 орын) Сонымен қатар, 2 мектеп жанынан қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп, тапсырылады. (Қызылорда қаласы Махамбет елді мекеніндегі №268 мектебі 200 орын, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №266 мектебі спорт зал)

Осымен қатар, аймақта келесі жылға өтпелі құрылыс ретінде
1 050 орынға 3 мектептің (Арал №71 мектеп, 200 орын, Қазалы ауданы 250 орын, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын) құрылысы жүргізілуде.

Аймақтағы балалар санының өсу динамикасын ескере отырып апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2025 жылға дейін 34 мемлекеттік, 18 жеке мектеп құрылысы салынатын болады (оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде).

Осы оқу жылындағы басты мақсат қашықтықтан оқыту форматында жіберілген олқылықтың орын толықтыру болуда. Бұл бағытта барлық білім беру ұйымдарында кешенді жоспарлар жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар, №9, №10 «БИЛ» және Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп лицейі республикалық үздік 100 мектеп қатарына енді.

Анықтама ретінде: «Елбасы медалі» жобасында 247 бала «қола» медаль иегері атанды. Мұнан бөлек, ауыл мектептеріндегі 8-9 сынып оқушылары арасындағы IQanat олимпиадасына 5 400 оқушы қатысты, 4 оқушы Бурабайда орналасқан «Iqanat High shсool of Burabai» мектебінде білім алуда.

Ресей, Белорусь мемлекеттерінде өткен Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, 38 оқушы республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының және Президенттік олимпиада жеңімпазы атанды.

География пәнінен өткен халықаралық олимпиадада №9 «БИЛ» 10-сынып оқушысы Ерасыл Сапарбеков қола жүлдегер атанды.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс көлемінде 7 004 оқушы мектеп бітірді. Олардың 5 937-і немесе 84,8 % - ы ҰБТ - ге қатысты. Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған 5 184 талапкердің 4 221 - і мемлекеттік ЖОО – ның білім беру грантына қол жеткізді.

Жалпы бітірушілердің 6 856 – ы оқуға қабылданды. Оның ішінде:
5 461-і
(80 % ) жоғарғы оқу орнына, 1 395-і (20 %) арнаулы орта оқу орындарына түсті. Орналасу көрсеткіші 99,6 % құрады (бітіруші түлектердің 78-і жұмысқа, дайындық курсына–22, денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмағандар–10, әскер қатарына алынғаны–1, облыс аумағынан көшіп кеткендер-4).

2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында өткізілген ҰБТ сынама тестілеуге 7 512 оқушының 6 383 – і (85 %) қатысып, 1 179 – ы немесе 18 % шекті деңгейден өтпеген. Аудандар бойынша: Шиелі орта балы – 54,1, Қызылорда қаласы – 57,3, Қазалы ауданы – 62,3 көрсеткішпен төменгі орында тұр.

Қазан айында өткізілген ҰБТ сынама тестілеуге 7 510 оқушының 6 507 – і (87 %) қатысып, 847 – і немесе 13 % шекті деңгейден өтпеген. Аудандар бойынша: Шиелі орта балы – 61,1, Қызылорда қаласы – 62,8, Жалағаш ауданы – 63,2 көрсеткішпен төменгі орында тұр.

Қараша айында өткізілген ҰБТ сынама тестілеуге 7 509 оқушының 6 411 – і (85 %) қатысып, 790 – ы немесе 12 % шекті деңгейден өтпеген. Аудандар бойынша: Сырдария – 60,2, Шиелі – 62,8 көрсеткішпен төменгі орында тұр.

Қаңтар айында өткізілітен ақылы тестке өтініш қабылдау а.ж. 24 желтоқсан – 5 қаңтар аралығында жүргізіледі. Тестілеу 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді. Өтініш беру ерікті түрде жүзеге асырылады. Тестілеу құны – 5 640 теңге.

Облыс көлемінде 3 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Олар: Әйтеке би кенті, Жаңақорған кенті және Қызылорда қаласында орналасқан.

Ұсыныс: Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №283 орта мектебі ашылған уақыттан бері (01.09.2021 ж) лицензия алмай жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицейінде бастауыш сыныптарға арналған лицензия ғана берілген            (1-9 сыныптар аралығында оқушылар білім алуда).

Осыған орай, Арал ауданы және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімдерінің басшыларына аталған мекемелерге байланысты лицензия алу жұмыстарын шұғыл түрде орындауды тапсырған жөн деп санаймын.

 

 

 

Дата публикации
25 января 2022
Дата обновления
25 января 2022
Тип

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы