Облыс бойынша мектеп интернаттарды қоспағандағы 279 мектепте асханалармен қоса буфеттер жұмыс жасайды.
Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен облыс мектептерінде аз қамтылған отбасынан шыққан 29610 бала бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар 100 мыңнан астам бала ата-ана есебінен тамақтануда.
21 мектебі жоқ елді-мекендердегі 187 оқушының 56 мектеп жанындағы интернаттарда орналасса, 131 баланы күнделікті 7 автокөлік мектепке тегін тасымалдауда.