Облыстағы 1-11 сынып аралығындағы оқушылар контингенті 175 442. Облыста барлығы – 311 мектеп (295 мемлекеттік, 16 жеке мектеп) жұмыс жасауда.
Мектеп жанынан қосымша 4112 спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы жалпы қосымша біліммен 139 536 бала (80 %) қамтылған.
Облыста инновациялық 53 мектепте робототехника факультативтік курсы енгізілген. Аталған курс 5-11 сынып оқушыларының 5870 бала білім алады. ІТ мектеп (Қызылорда қаласы 6 мектеп) бағдарламалар негіздері және 3Д-модельдеу сабақтары факультативтік негізде аптасына 1 рет жүргізіледі. Сондай-ақ, аймақтағы инновациялық мектептерде (аудан,қала, кент барлығы 16) мектеп жанынан жылыжайлар ашылып, жұмыс жасауда.
Мектептерде баскетбол, волейбол, футбол, қолдобы, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен 2104 аса жаңадан спорттық секциялары ашылды.
Облыста 60 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Онда жалпы 53279 бала қамтылған.
(Анықтама үшін: Оның ішінде, 9 оқушылар Үйі, 1 қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы,13 өнер мектебі, 21 спорт мектебі, 6 үздіксіз жыл бойы жұмыс жасайтын және 2 жазғы тынығу лагері, 5 мектеп жанындағы орталық, 3 жеке қосымша білім ұйымы бар)
Сондай-ақ, балалардың бос уақыттарында және жаз мезгілінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыста 211 аулалық клубтар жұмыс жасайды, онда 21 331 бала қамтылды.
Қызылорда қаласында 150 орындық Ш. Есенов атындағы қосымша білім беру орталығының құрылысы 2022 жылға пайдалануға беріледі.
Қармақшы ауданында 1 ауысымда 150 бала, жазғы маусымда 8 ауысымда 1200 баланы қабылдайтын лагерь құрылысының жұмысы 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Жалағаш ауданынан Республикалық «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 250 орындық «Әуез және өнер мектептерінің» құрылысы 2022 жылы пайдалануға беріледі.