Меню

Страницы

Статья

Техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Облыста 28 колледж бар (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік).

Оның ішінде қалада – 17 колледж (8-мем, 9-жеке).

Аудандарда - 11 колледж (9-мем, 2-жеке).

Жалпы контингент – 21624 студент (20 602 күндізгі бөлім).

Мемлекеттік тапсырыс – 14993 студент (34 - мем тапсырыс РБ).

Ақылы негізде – 5575 студент.

Қашықтықтан (сырттай) – 736 студент, кешкі – 286 студент.

28 колледжде 87 мамандық 135 біліктілік бойынша кадрлар даярлануда. Оның ішінде 19 колледжде 37 жұмысшы мамандығы 53 біліктілік бойынша 5469 студент білім алуда.

Мемлекеттік тапсырыс:

2026-2027 оқу жылында 4384 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау жүргізілді (мем – 3136, жеке - 1248). Оның ішінде 9 сыныптан – 3136 студент (71,5%), 11 сыныптан – 1217 студент (27,7%), ТжКББ кейін – 32 студент (0,7%).

2025 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі – 924 орынға қысқарды. (2024 жылы – 4608 орын, 2025 жылы – 5308 орын).

Мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша 2026 жылы (кәсіпорындар сұранысы негізінде) – 458 студент оқуға қабылданды (2024 жыл – 356, 2025 жылы - 400).

ТжКББ саласының мазмұнын жаңарту:

ТжКББ ұйымдары бойынша жұмыс беруші кәсіпорындардың қатысуымен 153 білім беру бағдарламалары жаңартылды.

2 колледж халықаралық салалық аккредитациядан өтті (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі мен Халықаралық «Орда» жоғары колледжі)

Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 8 халықаралық, 98 республикалық, 56 аймақтық оқу орындарымен барлығы – 162 меморандумға қол қойылды.

«Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа кәсіптер «Атласы» әзірленді. Атласқа сәйкес 2026 жылы еңбек нарығына қажетті 9 жаңа мамандық ашылды.

Жаңа мамандықтарға 350 орынға (жұмысшы - 125 орын, орта буын – 75 орын, қолданбалы бакалавр - 150 орын) мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Ақпарат ретінде: «Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру», «Уран өндіру, «Cумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» қолданбалы бакалавры, «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», «Информатика» қолданбалы бакалавры, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры», «Ақпараттық қауіпсіздіктің» қолданбалы бакалавры, «Робототехника және кірістірілетін жүйелердің» қолданбалы бакалавры.

         Дуальды оқыту бойынша 2026 жылы 23 колледжде 53 мамандық негізінде 341 кәсіпорынмен үш жақты келісім шартпен 5 882 (38,0%) студент білім алуда.

        («Арал тұз» АҚ, «РЗА» АҚ, «Арал құрылыс» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Абзал и К», «Мағжан и К», «ГРП-23», «Шиелі жарық» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «Бест Сервис ЛТД» ЖШС, «Бест Авто» ЖШС, «Сыр жиһазы» ЖШС т.б.).

        17 мемлекеттік колледжді ірі кәсіпорындар шефтік қамқорлыққа алды.

        Жұмысқа орналасу бойынша:

2025 жылы 5571 бітіруші, мем. тапсырыспен – 2920. 

- жұмысқа орналасқаны – 4910 бітіруші, 88,1%.

- мем. тапсырыспен жұмысқа орналасқаны - 2492, 85,3%.

2026 жылы 6380 бітіруші, мем тапсырыспен – 4108. Бітірушілердің болжамды жұмысқа орналасу көрсеткіші – 5869, 92,0%. Ағымдағы жылы 16 колледжден 124 студент 29 мамандық бойынша 57 кәсіпорын базасында өндірістік практикадан өтіп, тұрақты жұмысқа орналасу туралы жолдамаға ие болды.

ТжКББҰ-ы педагогтарының сапалық құрамы:

Колледждерде 1894 педагог жұмыс жасайды (мем кол – 1283, жеке кол - 611), оның ішінде жалпы пән мұғалімі – 591, арнаулы пән мұғалімі – 1077, оқу-өндіріс шеберлері - 226.

Ақпарат ретінде: Педагог-шебер – 7 (0,3%), педагог-зерттеуші – 179  (8,7%), педагог-сарапшы – 338  (16,6%), педагог-модератор – 805  (39,5%). Барлығы - 1329 (70,2%). Өндірістен тартылған (2025 ж) 38 (2,1%) маман;

Педагогтар арасында 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 267 магистр, 10 педагог «Талап» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренерлері жұмыс жасайды. 12 педагог халықаралық тағылымдамадан, 294 педагог біліктілік арттыру курстарынан, 1384 педагог цифрлы технология жасанды интеллект бойынша курстан өтті.

Жатақханамен қамту:

Облыста 21 колледжде жатақхана бар, 7 колледж (2-мем (М.Ықсанов колледжі, М.Саламатов колледжі), 5-жеке (Қазалы гум-тех, «Байконур», «Авиценна», «Сейхун», «Текей батыр» колледжі) инвесторлар салған жатақханалармен келісім шарт жасады. Жалпы 1869 студент жатақханамен қамтылған. Жатақханаға деген сұраныс толық қамтамасыз етілген.

2024 жылы «Абылай хан» колледжі 235 орынды жаңа жатақхананы, 2025 жылы Музыкалық колледж студенттері үшін 250 орынды жаңа жатақхана пайдалануға табысталды.

Колледжердің МТБ-ын жабдықтау:

2025 жылы жанбасына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен 3 колледж 274,6 млн тг қаржыға материалдық - техникалық базаларын жаңартты. (М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжі – 135,0 млн тг, И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 112,74 млн тг, М.Ықсанов атындағы техникалық – IT колледжі – 26,9 млн тг,)

Сонымен қатар, демеушілік және инвесторлар есебінен 89,0 млн теңгеге 3 колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.  (И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 54,0 млн тг (оқу кабинеттері), Арал индустриальды-техникалық колледжі - 15,0 млн тг (спорт алаңы, кабинеттер), Шиелі индустриальды-аграрлы колледжі – 20,0 млн тг (бұрғылау агрегаты).

2026 жылы жастардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жұмысшы мамандығының беделін көтеру, студенттердің облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуына мүмкіндік беретін «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығы пайдалануға берілді. (2 қабатты, 1000 орынды орталық, құны – 5,1 млрд тг)

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен «Білімді қолдау қорының» қаражаты есебінен 2027 жылы «IT және жасанды интеллект» жаңа колледжі құрылысын салу жоспарланып отыр.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы