Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті және арнайы білім беру бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Қызылорда облысында бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың есебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңға жуық бала тіркелген.

Облыста 23 арнайы білім беру ұйымы жұмыс жасайды (6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 3 арнайы мектеп-интернат, 1 арнайы балабақша, 3 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы).

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдамасының индикаторларына  сәйкес инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау көрсеткіші мектепке дейінгі ұйымдарында 93,9 % (жоспар 80%) (барлық мем. мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 165/155-де жағдай жасалған), жалпы білім беретін мектептерде 99,3% (жоспар 95 %) (барлық мем. орта білім беру ұйымдарының 301/300-де жағдай жасалған), ТжКББ үлесі 100 % (жоспар 90%) (барлық мем. техникалық білім беру ұйымдарының 17/17-де) құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдамасының индикаторларына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 35,8 % (жоспар 30%) (123/44), жалпы білім беретін мектептерде 73,4 % (жоспар 40 %) (267/196), колледж 46,7 % (жоспар 30 %) (15/7) құрайды. 

Жалпы орта білім беретін мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында мектептерде 190 инклюзивтік қолдау кабинеттері жұмыс жасап,  494 педагог-ассистент қызмет атқаруда.                      

8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды.

2025-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы