Облыс бойынша 302 мектепте (мектеп-интернаттарды қосқанда) ыстық тамақ ұйымдастырылады, оның 2-і буфеттік (Арал ауданы 69, Шиелі ауданы №151 мектептерде).
2026 - 2027 оқу жылында 86306 бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Оның ішінде 1 - 4 бастауыш сыныпта 65 357, 5 - 11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал отбасындағы тамақтанатын бала саны 20949 - ы құрады.
2026 - 2027 оқу-жылына арналған ас мәзірі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Үлгілік перспективалы мектеп мәзірін бекіту туралы» 25.12.2024 ж. №135-НҚ бұйрығы негізінде 2026 жылға бөлінген қаражат шегінде денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген.
2026 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. 666 млн. тг. бөлініп, орташа тамақтану құны 723 тг. болып (7-10 жас 662,1 тг, 11-15 жас 714,7 тг, 16-18 жас 791,7 тг) белгіленді (2025 ж. 620 тг. салыстырмалы түрде өсім 16%).
Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды 64 кәсіпкер жүзеге асырады.
Тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар, медициналық мамандардың қатысуымен брекераждық комиссиялар құрылған.
Бракераждық комиссияның төрағасы мектеп директоры.
Бракераждық комиссия тағамдардың сапасын, ас мәзірінің сақталуын, тамақтану тәртібін және санитариялық талаптардың орындалуын қадағалайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымында құрылған бракераждық комиссия жұмысына облыстық, қалалық, аудандық 9 ведомствоаралық сараптамалық топ мониторинг жүргізеді.
Сараптамалық топтың құрамында білім, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың облыстағы өкілдігі, «Аманат» партиясы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі өкілі, ата-аналар комитетінің мүшелері қатыстырылған.
Сондай-ақ, мектептегі бір реттік тамақтандыру 135 мектепте аппараттық-бағдарламалық кешенмен, 158 мектеп бизнес-әмиян қосымшасымен жүргізіледі.