Меню

Страницы

Статья

Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар ақпараты

Ақылы қаңтар - ақпан айы бойынша ҰБТ - ға 9273 бітіруші қатысты. Орташа балл - 81,2.

Ақылы наурыз - сәуір айы бойынша ҰБТ - ға 9250 бітіруші қатысты. Орташа балл - 85,05 (өсім – 3,85).

10 мамыр – 10 шілде аралығында өтетін ҰБТ - ға 9250 бітіруші тіркелді. Қатысу пайызы - 89,6. Қазақ тілінде тапсыратындар – 8315, орыс тілінде – 929, ағылшын тілінде – 6 оқушы ҰБТ тапсырады.

Мүмкіндігі шектеулі көмекті қажет ететін тест тапсырушылар саны – 19.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу­дің форматы өзгеріссіз қалды.

10 мамыр – 10 шілде аралығындағы ҰБТ - да: (IELTS сертификатын есепке алмағанда) 135 балдан жоғары жинаған оқушылар саны - 5.

  1. Қызылорда қаласы №233 мектеп, 138 балл; 2. Қызылорда қаласы №218 мектеп, 138 балл; 3. Жалағаш ауданы №118 мектеп, 137 балл; 4. Сырдария ауданы №135 мектеп, 136 балл; 5. Шиелі ауданы №45 мектеп, 135 балл.

IELTS және Қазтест сертификатын есепке алғанда 135 балдан жоғары жинағандар саны - 6.

  1. Шиелі ауданы №127 мектеп, 140 балл; 2. Жалағаш ауданы, №202 мектеп, 140 балл; 3. Шиелі ауданы №127 мектеп, 139 балл; 4. Қызылорда қаласы №136 мектеп, 137 балл; 5. №4 ОММЛИ, 137 балл; 6. Арал ауданы №13 мектеп, 135 балл.

Талапкерлер үш міндетті пәннен және өз таңдауы бойынша екі бейіндік пәннен тест тапсырады.

Міндетті пәндерге Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық кіреді.

ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 120-ны құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихынан 20 тапсырма, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан 10 тапсырмадан, ал екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. Ең жоғары балл 140 болып белгіленген.

Тестілеу барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасы арқылы қолжетімді. Бұл талапкерлерге есептеу мен талдау жұмыс­тарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Тестілеу уақыты 4 сағатты немесе 240 минутты құрайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.

Тест аяқталғаннан кейін талапкерлер өз нәтижесіне қатысты апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімінен кейін ғана талапкердің сертификаты жеке кабинетінде жарияланады. Бұл талап тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы