Облыста 321 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 302 - і мемлекеттік, 19 - ы жекеменшік мектеп, оның232 - і ауылдықжәне 89-ықалалықжерлерде орналасқан.
Ағымдағы оқу жылында 302 мемлекеттік мектепте 175 мыңнан астам оқушы білім алуда.
Оның ішінде, 17 151 оқушы 9-сыныпты, 11131 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Оның ішінде, 967 түлек Алтын белгіге, 1124-і Үздік аттестатқа, 9 сыныптан 2061 оқушы Үздік аттестатқа иегер (2024-2025 о.ж. – 756 АБ, 1028 ҮА, 9-сыныптан 1924 ҮА).
2024 - 2025 жылы:
- 6 900 орындық 10 Келешек мектептері іске қосылды (Қызылорда қаласы – 5, Арал ауданы – 2, Қазалы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 2).
Атап айтқанда, 2024 жылы 5 мектеп (Қызылорда қ.Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп, Қызылорда қ КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Арал ауданы, Арал қаласындағы 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Саяжай ш/а 600 орындық мектеп) 2025 жылы 5 мектеп (Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық № 94 апатты мектеп, Қызылорда қ. Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектеп, Қызылорда қ Қызылжарма мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп, Қызылорда қ.СПМК-70 шағын ауданындағы 1500 орындық мектеп) табысталды.
Нәтижесінде 3 апатты және бейімделген мектептердің (ҚБИ ықшам ауданы, Қызылорда қаласы, №197, Жаңақорған, Жаңарық ауылы, №167, Қазалы, Жанқожа батыр ауылы, №94), 7 жаңа шағын аудандардағы мектеп тапшылығы мәселесі шешімін тапты.
2025 жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат пен Арал ауданы Жалаңаш елді мекені 150 орындық №58 мектеп құрылысы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Арал ауданы Тоқабай (100 орын) және Ақшатау (50 орын) ауылындағы мектептер ел игілігіне табысталды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Қызылорда облысы бойынша 2024 - 2025 жылдары 6900 орындық 10 Келешек мектептері іске қосылды (Қызылорда қаласы – 5, Арал ауданы – 2, Қазалы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 2).
Бүгінгі таңда, барлық 10 мектептің білім беруге рұқсат етілген лицензиялары алынды. Мектеп басшылары тағайындалды.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдарын түрлі бағыттар (пәндер) бойынша «Тірек білім беру ұйымдары» ретінде қалыптастырып, тәжірибелерін облыс көлемінде нысаналы тарату жалғасуда.
Өткен жылы «Тіл білімі мектебі», «Цифрлық тірек мектебі», «Инклюзивті білім беруді дамыту округтері» жобалары жүзеге асырылды.
Осы жобалардың нәтижелері жинақталып, басқарма тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Атап айтқанда, 21 жобаға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҚазПатент» Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 21 авторлық куәлік алынды.
Білім басқармасы «Жасанды интеллект бейінді мектебі», «Космоград - Байқоңыр» жобасы және 10 «Келешек мектебі» бойынша жобаларды іске асыруда.
Негізгі мақсатымыз - «Келешек мектептерін дамытудың Қызылордалық экожүйесін» қалыптастыру.
Бұл ретте мектептердің жобалық-мазмұндық бағыттары әзірленіп, 10 жобаға авторлық куәлік алынды (ҚР Әділет министрлігінің «ҚазПатент» Ұлттық зияткерлік меншік институты).
Осы уақытқа дейінгі жобалар мектепті белгілі бір бағытқа ғана бейімдесе, «Келешек мектептерін дамытудың Қызылордалық экожүйесін» қалыптастыру аясында - әрбір «Келешек мектебінің» барлық педагогтері - ортақ бағыт аясында шығармашылық жұмыстарды жүргізуге топтастырылды.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022 - 2025 жылдары 8 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды.
2025 - 2026 оқу жылында облыс көлеміндегі 50 орта мектеп және 8 шағын жинақты мектеп «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры «Қазақстан Халқына» қорымен бірлескен жоба аясында 58 мектеп – 2 млрд. 511 млн. теңгеге жабдықталып, ондағы 1862 педагог облыстық бюджет есебінен біліктілігін арттырды.
Жалпы, 2025 жылы – 6556 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, 2026 жылы 6088 педагог біліктілігін арттыруда.
Білім беру саласына жасанды интеллектіні ендіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «ChatGPT Edu» арнайы лицензиясына облыс бойынша 156 мектептен 5 077 мұғалімге қолжетімділік қамтамасыз етілсе, 2026 жылдың қыркүйек айында қосымша 5 000 мұғалім қамтылды.
Платформамен қамтылмаған 144 мектептегі – 6 699 мұғалімге қосымша Wonk Labs жасанды интеллект платформасына қолжетімділік қамтамасыз етілуде.
«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әзірлеген «Оқу үдерісі және жасанды интелект: генеративті модельдер мен промпт-инжиниринг өнері» тақырыбындағы онлайн-курс бойынша 18 837 педагог біліктілігін арттырды.
Ал, «DarynUstaz» біліктілікті арттыру орталығы әзірлеген «USTAZGA-AI: жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде» курсынан 20 мыңнан аса педагог өтті.
Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес орта білім беру жүйесіне жасанды интелектіні ендіру бойынша министрлік тарапынан пилоттық жоба әзірленіп, бірінші кезеңіне Қызылорда және Павлодар облыстарының 10 шағын жинақты мектебі енгізілді.
Жобаға өңірімізден Арал ауданындағы №22, 58, 227 мектептері, Қазалы ауданындағы №259 мектебі, Шиелі ауданындағы №84 мектебі қатысуда.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Халықаралық олимпиадалар мен зерттеу жобаларына облыс бойынша 44 оқушы қатысып, 27-і жүлдегер атанды.
Жалпы білім беретін пәндік олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңіне 74 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыз 7 «Алтын», 11 «Күміс», 12 «Қола» медаль иеленді.
Пәндік олимпиада рейтингісі бойынша Қызылорда облысы қоғамдық - гуманитарлық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен ІІІ орынды иеленді.
Ауыл мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңіне облысымыздан 67 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орынға, атап айтқанда 7 «Алтын медаль», 12 «Күміс медаль», «Қола медальға» 14 оқушы ие болды.
Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда - 2025», номинациясымен марапатталып, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІ орынды, жаратылыстану-математикалық бағытта ІII орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыратын жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсында облыс педагогтері тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Атап айтқанда, 2022 - 2024 жылдары – 15 педагог, ал
2025 жылы 4 ұстазымыз «Үздік педагог» атағының иегері атанып, әрқайсысы 3 млн. теңге көлемінде сыйақыға ие болды.
«Авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауынан 7 педагог жеңімпаз атанса, «Математикалық регата - 2026» республикалық байқауында облыс командасы ІІІ орынға ие болды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2026» республикалық байқауынан 7 педагог, «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2026» республикалық конкурсынан 8 педагог жүлделі орындарға қол жеткізді.
Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсы ұйымдастырылып, қорытындысымен жеңімпаз ұйымға облыстық бюджеттен - ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерінде грант табыстау дәстүрге айналды.
2024 жылдан бастап, Қызылорда облысының білім басқармасының және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетімен бірлесіп, педагогтер арасындағы кәсіби байқаулардың республикалық кезеңінен жеңімпаз атанған педагогтерімізге еліміздің шипажайларына жолдама беру дәстүрге айналды (2025 жылы конкурс жеңімпаздарына - 62 жолдама берілген).