Аймақтағы 651 (159 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 444 жекеменшік балабақша) мектепке дейінгі ұйымда 49240 бала тәрбиеленуде.
Ұлттық білім беру деректер қорындағы ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы 2 - 6 жастағы балалардың қамтылуы – 93%, 3 - 6 жас – 100%.
2026 жылғы жоспар 2 – 6 жас аралығында қамту – 98 пайызды құрауы тиіс.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023 - 2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2026 жылы 2675 орын (оның ішінде 1 125 орын 15 балабақша, 1 550 қосымша орын) ашу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2077 қосымша орын ашылып, барлығы 8221 орын немесе 100 пайызға орындалды.
Бүгінгі күні қадамдық жоспарға сәйкес, 1105 орындық (25 орындық 1 мемлекеттік, 1105 орындық 11 жеке) 12 жаңа мектепке дейінгі ұйым және 213 қосымша орын ашылып, барлығы 1318 орын немесе 49,3 пайызға орындалды.
2027 жылға дейін жалпы қуаты 2740 орындық 14 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Соған сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.