«Қазалы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
басшысы (санаты E-R-1, индекс № 01-1) бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымына жалпы конкурс өткізу үшін хабарландыру
жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E- R-1 санаты үшін:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс к., құрылыс №1, анықтама үшін телефондары: 8(7242) 60-54-56, bilim@korda.gov.kz «Қазалы аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты E-R-1, индекс № 01-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсты жариялайды:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
E- R-1 |
142 461 |
192 366 |
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлім басшысы, E-R-1 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің, облыс және аудандық әкімдік қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім жұмысына басшылық, бөлімнің жұмысын үйлестіру, жұмысты тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу. Ауданда жалпыға бірдей орта білім беру жұмысын жетілдіру және мектептер мен бала бақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, білім беру саласында жаңа технологияларды ұдайы енгізіп отыру, білім саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды жүйелі түрде жүргізу, мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орындарына түсуіне ықпал жасау. Білім беру мекемелерінің Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы мен басқа да заңнамалар талаптары негізінде жұмыс жасауын үйлестіру. Білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайына талдау жасау, тиісінше күрделі жөндеу, қайта салу немесе басқа да құжаттарды әзірлеу жұмыстарын жүргізу. Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тиісті мекемелермен шаралар ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану) немесе жаратылыстану ғылымдары мамандығы бойынша жоғары білім.
Құжаттар қабылдау мерзімі –7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қағида) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))