Білім басқармасы (әрі қарай - Басқарма) тарапынан 2026 жылдың 6 айы бойынша 2 - баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 2 - сатып алулар тікелей бір көзден шарт жасасу арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік тапсырыс аясында колледждермен барлығы 28 келісім шартпен 15,8 млрд. теңге көлемінде отырылды.
Басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алуда бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарының тиісті салаға жауапты мамандары үшін 3 семинар-кеңес ұйымдастырылып және біліктілігін арттыру курстары кезең-кезеңімен өткізілуде.
Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен және білім басқармасы тарапынан жыл сайын конурстар өткізіліп келеді.