Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация есебіне 2025 - 2026 оқу жылы бойынша 9084 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынды. Оның ішінде, 2 265 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 2 661 бала мектепте, 113 бала үйден оқуда, оңалту орталықтарында 282 бала, аутизм орталығында 332, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 909, 259 бала арнайы мектептерде, 262 бала колледжде білім алады.
Қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстар нәтижесінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар үлесі 90,1%-ды құрайды.
Білім беру ұйымдарында тең жағдай жасау және кедергісіз қол жеткізу бойынша міндетті көрсеткіштер орындалып, нысанды индикаторларға қол жеткізілді.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100% арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды.
Өңірдегі 301 мемлекеттік мектептің 190-да инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды.
2025 - 2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды. Жалпы орта білім беретін мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетуде.