2026 жылдың жартыжылдық қорытындысымен Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы А. Есжановтың 31 азаматпен жеке қабылдауы өткізілді.
Жеке қабылдауға өтініш білдірген азаматтардың негізінен жұмысқа орналасу, ерекше білім алуды қажет ететін баланы арнайы ұйымдарға орналастыру мәселелері қаралды.
Жеке қабылдау барысында басқарма басшысы А. Есжановпен азаматтардың ұсыныстары мен сауалдарына заңдылықтар аясында жауап берілді.
4 өтініш бойынша азаматтардың жеке мәселесі қанағаттандырылды;
19 сұрақ иесіне заңдылықтар түсіндірілді (жұмысқа орналасу; ерекше баланы арнайы ұйымға орналастыру; баланы оқу-сауықтыру орталығымен, жазғы демалыспен қамту т.б);
1 азаматтың ұсыныстары жұмыс барысында назарға алынды;
7 азаматтың өтініштеріне сәйкес ұсыныс жасалды ( ұсынылған жоба бойынша жұмыс жасау; марапаттау; баланы жазғы демалыспен қамту туралы т.б ).