Аймақта 1-10 сыныптар аралығында оқитын 178 918 оқушының 99,1%-ы (177 476-ы, 291 мектептегі тамақсыз 127 794, 265 мектепте тамақпен – 27947, 9 лагерьде – 21 735) жазғы демалыспен қамтылады.
Демеушілер мен кәсіподақтар есебінен өзге өңірлердегі лагерьлерде 4843 бала демалады (Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент қалалары).
Бүгінгі күні аймақта 9 лагерь (Арал «Қамбаш», Қазалы «Шағала», Жалағаш «Ақтерек», Сырдария «Жалын», Шиелі «Сыр Ұланы», Жаңақорған «Тау самалы», «Талды су», Қызылорда қаласы «Ai-Kerim», жеке «Зерентай») жұмыс жасауда. 8-і – мемлекеттік, 1-еуі – жеке.
Бүгінгі күні басқармаға қарасты жазғы тынығу лагерьлерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылды. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 76 млн. теңге бөлінді.
Облыс аумағындағы барлық қосымша білім беру ұйымдарында да жазғы лагерьлер жұмыс жасап, 150-ге жуық үйірмемен 65 692 оқушы қамтылады.
52 189 оқушы (29,4%) еліміздің басқа қалаларына және Сыр өңірінің тарихи орындарына, ашылған жаңа нысандарға экскурсиялар мен арнайы турлармен қамтылады (Байқоңыр ғарыш айлағы, ортағасырлық Жанкент қалашығы, Сауран, Сығанақ қалашығына, Түркістан облысының киелі жерлеріне, Қорқыт ата). Аймақта 2023 жылдан бері мектеп оқушыларының дәстүрлі жарысына айналған «Сыр лигасы» жобасы жүзеге асырылуда.
140 мыңға жуық оқушыны қамтитын жоба - 7 сайыс түрінен өтуде (Үлкен футбол, отбасылық волейбол, жайдарман, дебат, жігіттердің сұлтаны, ана тілі аруы, жас мобилографтар сайыстары).
Жазғы демалыс кезінде де оқушылар арасындағы аталған сайыс түрлері жалғасады.
Үйірмелер мен спорттық-зияткерлік сайыстарға 154 675 оқушы қатыстырылады. Бұл 1-10 сынып оқушыларының 86,4% құрайды.