Меню

Страницы

Статья

Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 2026 жылғы I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар ақпараты

Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар (17-мемлекеттік,11-жекеменшік).

87 мамандық 135 біліктілік бойынша 21 669 студент (мем - 11636, жеке - 10033) білім алуда.

19 колледжде 37 мамандық 53 біліктілік негізінде 5 469 жұмысшы (5188 – гос заказ, 281 - ақылы) кадрлары даярлануда.

- күндізгі бөлімде – 20 562 студент.

- сырттай бөлімде – 1 107 студент.

Мемлекеттік тапсырыспен – 15 201 студент (мем - 9198, жеке - 6003), ақылы негізде – 6468 студент (мем - 1739, жеке - 4729).

«Жұмысшы мамандықтар жылында» мемлекеттік тапсырыс көлемі 700 орынға артты (2024 жылы - 4608 орын, 2025 жылы – 5308 орын).

Мақсатты мемлекеттік тапсырыс (целевой гос заказ) бойынша 2025 жылы (кәсіпорындар сұранысы негізінде) – 400 студент оқуға қабылданды (2022 жыл - 119, 2023 жыл - 251, 2024 жыл - 356). Барлығы – 1126 студент білім алуда. 2025 жылы 71 студент оқуын аяқтады. 2026 жылғы жоспар - 450 орын.

Дуальды оқыту бойынша 2025-2026 оқу жылында 24 колледжде 53 мамандық бойынша 226 кәсіпорынмен үш жақты келісім шарт негізінде 5381 (35,3%) студент білім алуда.

Ақпарат ретінде: Дуальды жүйеде жұмыс жасайтын кәсіпорындар: «Арал тұз» АҚ, «РЗА» АҚ, «Арал құрылыс» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Абзал и К», «Мағжан и К», «ГРП-23», «Шиелі жарық» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «Бест Сервис ЛТД» ЖШС, «Бест Авто» ЖШС, «Сыр жиһазы» ЖШС т.б.).

Жұмысқа орналасу бойынша:

2024 жылы колледждерді 5895 студент оның ішінде 3916 мемлекеттік тапсырыспен оқуын аяқтады. 4986 түлек жұмысқа орналасып 84,5%, мемлекеттік тапсырыспен – 3230, 82,4%.

2025 жылы 5571 бітіруші, 2920 мемлекеттік тапсырыспен. Жұмысқа орналасқаны – 4910 бітіруші, 88,0%, мемлекеттік тапсырыспен -  2492, 85,3%. Ал, 2026 жылы колледждерді 6380 студент оқуын аяқтайды, оның ішінде 4108 мемлекеттік тапсырыспен.

Жатақханамен қамту:

Облыста 21 колледжде жатақхана бар, 7 колледж (2-мем (М.Ықсанов колледжі, М.Саламатов колледжі), 5-жеке (Қазалы гум-тех, «Байконур», «Авиценна», «Сейхун», «Текей батыр» колледжі) инвесторлар салған жатақханалармен келісім шарт жасаған. Жалпы 1869 студент жатақханамен қамтылған.        Жатақханаға деген сұраныс толық қамтамасыз етілген.

2024 жылы «Абылай хан» колледжі 235 орынды жатақхананы пайдалануға берді. 2025 жылы Музыкалық колледж студенттері үшін 250 орынды жаңа жатақхана пайдалануға табысталды.

Колледжердің МТБ-ын жабдықтау:

2025 жылы жанбасына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен 3 колледж 274,6 млн тг қаржыға материалдық - техникалық базаларын жаңартты. (М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжі – 135,0 млн тг, И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 112,74 млн тг, М.Ықсанов атындағы техникалық – IT колледжі – 26,9 млн тг)

Сонымен қатар, демеушілік және инвесторлар есебінен 89,0 млн теңгеге 3 колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. (И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 54,0 млн тг (оқу кабинеттері), Арал индустриальды-техникалық колледжі - 15,0 млн тг (спорт алаңы, кабинеттер), Шиелі индустриальды-аграрлы колледжі – 20,0 млн тг (бұрғылау агрегаты).

Жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау бойынша:

2026-2027 жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жергілікті бюджеттен 4384 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді (2025 жылы – 5308 орын, 924 орынға кем).

Бүгінгі күні барлық колледждер бойынша жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау үшін арнайы комиссиялар құрылып, бұйрықпен рәсімделді.

Ағымдағы жылдың 25 маусым мен 25 тамыз аралығындағы колледждер бойынша талапкерлерді оқуға қабылдау жүзеге асырылатын болады.

Жетістіктер:

2025 жылы "Мамандығым - Болашағым" жобасы аясында жаңа кәсіптер «Атласы» әзірленді. (жб - 22,0 млн тг)

2025 жылы колледждер Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Латвия, Польша мемлекеттерімен 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен – 161 меморандумға қол қойды.

Қызылорда политехникалық жоғары колледжі Польшаның «WSG BYDGOSZCZ» БИДГОЗК Университетімен салааралық каластер құру үшін екі жақты келісім-шарттарға қол қойылды.

«Орда» жоғары колледжі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Англияның кәсіби біліктіліктер беретін жаһандық компаниясы «City Guilds» ұйымынан халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті.

Аталған колледж IT саласы бойынша да Оңтүстік Кореяның ABEEK аккредитация агенттігі арқылы салалық аккредиттеуден өтіп, сертификат иеленді.

2025 жылғы «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатында облыс командасы 1 күміс, 5 қола медаль және 5 медальон иеленді.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі 2025 жылы республика бойынша «Үздік педагогикалық колледж» атанды.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға арналған «Құзыреттілік орталығы» 2026 жылғы 19-ы наурызда ел игілігіне пайдалануға берілді (1000 орынды орталық, құны – 5,1 млрд тг).

 

Дата публикации
07 июля 2026
Дата обновления
07 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы