Мектеп саны – 320;
301 мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде оқытатындар - 272, аралас оқытатындар-29).
19 жекеменшік (Қызылорда – 16, Шиелі – 2, Жаңақорған - 2);
2025-2026 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны – 11 131.
2026 жылы ҰБТ - ға 9934 оқушы (89,2%) қатысады.
2026 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 967.
1 124 оқушы «Үздік аттестат» алды.
2025 – 2026 оқу жылында 1 - 11 сыныптағы оқушылар саны – 189 288 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға артық.
2026-2027 оқу жылына оқулық сатып алуға 2,8 млрд тг қаржы бөлінді. Рұқсат етілген оқулықтар тізімінің бұйрығы бекітілгеннен соң оқулықтарға тапсырыс беру жүргізіледі. 748 мың дана оқулық алу жоспарлануда.
Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
Облыс бойынша шағын жинақты мектептер саны – 8 (Арал ауданы – 5, Қазалы ауданы – 1, Шиелі ауданы-2), жалпы контингенті 499 оқушы.
8 шағын жинақталған мектептің 4 орта, 4 негізгі мектеп. ШЖМ-де 165 педагог жұмыс істейді.
1 - сыныпқа қабылдау
1 – сыныпқа 17 700 бала келеді деп күтілуде (өткен оқу жылында 17 665 бала 1 – сыныпқа қабылданды). Қазақ тобына – 16 421 немесе 93 пайыз, орыс тобына – 1 279 немесе 7 пайыз.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, 1 – сыныпқа қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 27 мамырдан бастап 31 тамыз аралығында жүргізілетін болады.
Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Аймағымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Мектеп бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер - мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық, олимпиада және ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне 1 095 оқушы қатысып 532 оқушы жүлделі орындарды иеленсе (І орын – 86, ІІ орын – 168, ІІІ орын – 280),қорытынды кезеңге 44 оқушы қатысып 13 оқушы жүлделі орындар (І орын - 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6, «Алғыс хат» - 8)иемденді.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына жалпы 42 оқушы қатысып 28 оқушы жүлделі орындарға (І орын - 6, ІІ орын - 7, ІІІ орын - 15)ие болды.
2024 – 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушықатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8)ие болды.
Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен бірінші орынды, қоғамдық - гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленді.
Өткен оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың толық нәтижесін көрсету мақсатында жасалған «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтінгісіне 5 мектеп енген.
Цифрландыру мен электронды құрылғылар
Аймақ мектептеріндегі компьютерлік құрылғылардың саны - 44 170 дананы кұрайды.
2018 жылы облыстағы компьютерлерді ауыстыру мақсатында мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында 8 096 компьютер жаңаланды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,2 млрд. теңгеге 4 802 планшет, 14 362 ноутбук, 3 706 компьютер, жалпы 22 870 техникалық құрылғылар алынды.
Бұдан бөлек мектептер сабақ процесіне қолдану үшін 3 494 дана интерактивті тақта мен панелдермен жабдықталған.
Облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының кітапханаларында барлығы 90 мыңнан аса электронды оқулықтар қоры қалыптасқан.
2023 - 2024 оқу жылында 6,2 млн. теңге қаржыға 623 дана электронды оқулықтар сатылып алынды. Сонымен бірге мектептерге 1, 2 сыныптарға 77 млн.теңге қаржыға 37 638 дана «Цифрлық сауаттылық» оқулығының электронды нұсқасы сатып алынды.
Мектептер цифрлық білім ресурстарын тіркелген («Bilim land.kz» порталы, «Daryn.Online» порталы).
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022-2024 жылдары 6 мектеп (әрқайсысы – 250 млн.теңге) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталса, 2025 жылы - 2 мектеп жабдықталуда (Байқоңыр қ. №277 мектеп-лицей, Сырдария №36 мектеп-лицей).
2025-2026 оқу жылында облыс көлеміндегі 50 мектепте «Қазақстан Халқына» қоры «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлескен дамыту және жабдықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.