Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша 2026 жылғы I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар ақпараты

651 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (159 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 444 жекеменшік) 49 240 бала тәрбиеленуде.

Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 207 (бала саны – 18 968).

Жекеменшік МДҰ – 444 (бала саны – 30 272).

Мектепалды даярлық сыныптарына 9 742 бала қамтылған.

2 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 93%;

3 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100%.

Облыстағы  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 5 810 педагог бар. Оның ішінде жоғары  білімдісі – 4 351 (74,9 %), арнаулы орта білімдісі – 1 459  (25,1 %).

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2025 жылы 8 221 орын (оның ішінде 1 780 орын 27 балабақша, 6 441 қосымша орын) ашу жоспарланған.

2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6 144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2 077 қосымша орын ашылып, барлығы 8 221 орын немесе 100 пайызға орындалды.

Бұдан бөлек, аймақтағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 5 415 орындық (2026 жылы – 2 675 орындық 15 балабақша, 2027 жылы – 2 740 орындық 14 балабақша).

29 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Осыған сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру» жоспарына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы 236 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізілді.

Бүгінгі күнге дейін 28 613 ваучер берілді. 2-6 жас аралығындағы Қызылорда қаласы бойынша кезектілік 352 баланы құрайды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №184-НҚ бұйрығына сәйкес «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес бұйрық жыл соңына дейін ұзартылды.

 

Дата публикации
07 июля 2026
Дата обновления
07 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы