Ағымдағы жылдың 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында ҰБТ-ның бірінші кезеңі өтті.Тестілеу пункттері Қызылорда қаласы (Сол жағалау №115 үй Болашақ университетінің ғимаратындағы Аймақтық тестілеу орталығы), Арал ауданы, Арал қаласы (В.Терешкова көшесі №1 А, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы), Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті (Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ғимараты, Н. Нұрмағанбетұлы көшесі №128 үй), Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде (№110 мектеп-лицей ғимараты, Ү. Мадиев көшесі №51 үй) орналасқан.
Аймақтағы 11 – сыныпты бітіруші 10 214 оқушының 9 358 немесе 91,6 пайызы ҰБТ-ның негізгі бірінші кезеңіне қатысты.
Наурыз – сәуір айларындағы ҰБТ – ның екінші кезеңіне 10 245 оқушының 8 732 немесе 85,2 пайызы ҰБТ-ның негізгі екінші кезеңіне қатысуда.
Тестілеу өтетін пункттерде оқушылардың қауіпсіздігін және денсаулығына байланысты оқыс жағдайлар орын алған мезетте алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өз тарапыңыздан тиісті шараларды қабылдауды және медицина қызметкерлерінің қатысуымен кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.