Меню

Страницы

Статья

Қосымша білім беру бойынша 2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар ақпараты

Облыс бойынша – 69  қосымша білім беру ұйымы (білім – 33, спорт – 36)  жұмыс жасайды. Қамтылған бала  – 65 692 (34,7%). Үйірме, секция саны  - 741  (үйірме – 471,  секция – 270). 

2025 жылғы қазанда сол жағалауда Орталық стадион пайдалануға берілді. Мұнда алдағы күндері спорттық секциялар ашылатын болады. Қамту жоспары жобамен -  300 бала, 7 секция.

Сонымен қатар, «Қызылорда арена» спорттық - сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Кешенде  9 үйірмеге 380 бала қамту жоспарлануда.

Президент саябағында жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері пайдалануға берілген уақытта қосымша біліммен қамту үлесі – 66 372 балаға жететін болады. 

Бұл аймақтағы 189 288 оқушының – 35 %-ы.

Ал бүгінгі күні мектеп жанындағы шығармашылық және спорттық 8 112 секция-үйірмеге - 174 145 оқушы қатысады, барлық оқушының –  92%-ы. 

Құқықбұзушылықтың алдын алу «Adal Bala» цифрлық білім беру платформасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні жоба 301 мектепке енгізілді. «Заң мен тәртіп», «Қаржылық сауаттылық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Буллинг және зорлық-зомбылық», «Медиа сауаттылық және киберқауіпсіздік» тақырыптарындағы модульдерді оқыту және сыныптан тыс жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық білім беру платформасы «Elskills» ЖШС-мен іске асырылуда. Бағдарламаны оқыту барысында педагогтер жүйеде сенімді жұмыс істеуге үйретілді.

Бүгінгі күні 168 866 оқушы және 9 773 мұғалім белсенді жұмыс жасауда.

2025 - 2026 оқу жылының басында облыс әкімі орынбасарымен бекітілген жоспар аясында ұйымдастырылған құқықтық сабақтар мен танымдық-ақпараттық лекцияларға және басқа да шараларға 84 379 білім алушы мен 40 мыңға жуық ата-ана және 20 548  педагог атсалысты.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша құқық бұзушылық, қылмыс, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы 72 465 дәріске 132 452 оқушы қатысты.

Полиция органдарымен бірлескен 1345 «Түнгі қаладағы балалар» рейдіне 4 505 ата-ана, 1 601 жастар ұйымдарының өкілдері қатынасты. Барлығы - 16 713 адам.

Білім беру ұйымдарында ата-аналармен байланыс жолға қойылған.

Дата публикации
08 апреля 2026
Дата обновления
08 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы