Меню

Страницы

Статья

Орта білім беру бойынша 2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар ақпараты

Аймақтағы 331 (301 – мемлекеттік, 24 – жекеменшік, 3 – арнайы интернат, 1 кешкі мектеп, 1 спорт интернат, 1 НЗМ) жалпы білім беретін мектептерде 189 288 оқушы білім алуда.

Өңіріміздің білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді.

2025 жылы 346 млрд. 800 млн. теңге қаралып, толық игерілсе 2026 жылға білім саласының бюджеті 302, 2 млрд теңгені құрады.

Өткен жылы өңірімізде 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.

2023 жылдан бастап 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді.

Нәтижесінде өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына 500 млн. теңгеге жаңадан 100 орындық білім ордасы салынды.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 млрд. 400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы лицей-интернаты салынды.

Аталған қор арқылы 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы, Мергенсай ауылында 150 орындық мектеп салынып, 2026 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді.

Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда аймақта 51 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.

11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды. Академияда 6 бағыт бойынша 52 үйірме жұмыс жасауда.

3 млрд. теңгеден астам қаржыға 3 ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынып, пайдалануға берілді.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы салынып, балаларымыздың игілігіне қызмет етуде.

4 млрд. 800 млн. теңгеге Музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы салынып, ел игілігіне табысталды.

Қызылорда қаласында 5 млрд. 200 млн. теңгеге жұмысшы мамандарды даярлауға арналған республикадағы алғашқы «Құзыреттілік орталығының» ғимараты Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.

Облыс орталығындағы Президент саябағында 10 млрд. теңгеге 300 орындық жыл бойы жұмыс жасайтын заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде.

Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты салынуда.

2025 жылы «Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 500 млн. теңгеге 2 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды.

Аталған қор арқылы 2,5 млрд. теңгеге облыс көлеміндегі 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектепті физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Білім саласына жасалған айрықша қолдаудың нәтижесінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен аймағымыз республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды.

Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты.

2024 - 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен І орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленсе, 2025 - 2026 оқу жылында да шәкірттеріміз аймақ намысын абыроймен қорғап, қоғамдық - гуманитарлық бағытта ІІ орын, ал, жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша ІІІ орынды иемденді.

Дата публикации
08 апреля 2026
Дата обновления
08 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы