Өңірдегі 645 (158 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 439 жекеменшік балабақша) мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды, ондағы тәрбиеленушілер саны 48 867 - ні (мемлекеттік – 19 002, жеке – 29 865) құрайды.
9 689 бала мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарында білім алуда.
Аймақта 2 - 6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы – 93%, 3 - 6 жастағы балалардың қамтылуы – 100%.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру» жоспарына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы 232 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізілді.
Бүгінгі күнге дейін 22 588 ваучер берілді. 2-6 жас аралығындағы Қызылорда қаласы бойынша кезектілік 975 баланы құрайды.
Ваучерлік қаржыландыруды аудандардағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізу 2026 жылдың шілде айына ауыстырылды.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата - аналарына арналған 158 консультациялық пункттері жұмыс жасауда. Онда 589 ата - ана және 602 бала қамтылған.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтерге әдістемелік қолдауды білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері жанындағы 15 мобильді топ қамтамасыз етеді.
Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген ұйымдар үлесі – 100%, сол секілді кәріз жүйесімен қамтамасыз етілгендері де – 100%.
Цифрлық және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген МДҰ үлесі – 100%, бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғандары – 100%.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023 - 2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2025 жылы 8 221 орын (оның ішінде 1 780 орын 27 балабақша, 6 441 қосымша орын) ашу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6 144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2 077 қосымша орын ашылып, барлығы 8 221 орын немесе 100 пайызға орындалды.
Бұдан бөлек, аймақтағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 5 415 орындық (2 415 орындық 29 балабақша, 3 000 қосымша орын) 29 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті шаралар қабылдануда.