Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті білім беру бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар ақпараты

2025-2026 оқу жылы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация есебіне 9084 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынды.

Оның ішінде, 2265 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 2661 бала мектепте,  1113 бала үйден оқуда, 259 бала арнайы мектептерде, 262 бала колледжде білім алады.

Қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстар нәтижесінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар үлесі 90,1%-ды құрайды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті жағдай жасалған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі 93,6 %, мектептер үлесі 99,3 %, ТжКББ үлесі 100% құрайды.

Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100% арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды. Өңірдегі 301 мектептің 190-да инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2025-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.

Жалпы орта білім беру мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетеді.

Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы