Өңірде 72 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (білім – 36, спорт 36) жұмыс жасайды, онда 65 692 бала қамтылған. Ал мектеп жанындағы шығармашылық және спорттық 8 112 секция-үйірмеге - 174 145 оқушы қатысады, бұл барлық оқушының – 92%-ы.
2025 жылы қазанда 26 млрд. 500 млн. теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, қала орталығынан заманауи үлгіде жабдықталған, бір ауысымда 500, күніне 3000 білім алушыға арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновация академиясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Бұл жерде 52 үйірме, үлкен және кіші бассейн, спорт-жаттығу залдары, пәндік және шығармашылық кабинеттер қарастырылған.
Қазіргі таңда «Қызылорда арена» спорттық-сауықтыру кешені салынуда. 2026 жылы пайдалануға беріледі. Кешенде 9 үйірмеге 380 бала қамту жоспарлануда.
Президент саябағында жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагерінің құрылысы жүруде.
Жоғарыда аталған жобалар жүзеге асырылып бастағанда, қосымша біліммен қамту үлесі – 66 372 балаға жететін болады.
Бұл аймақтағы 189 288 оқушының – 35 %-ы.
2025 жылғы 28 мамырда ҚР Оқу-ағарту, ҚР Мәдениет және ақпарат, ҚР Туризм және спорт, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілді. Осы бұйрықтың 1-тармағында «Көрсетілген қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі пилоттық жоба 2025 жылғы 1 маусымнан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Атырау, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларында іске асырылады деп көрсетілген. Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша – 71 өнім беруші (кәсіпкер) тұрақты жұмыс жасауда, онда – 5 мыңға жуық бала спорттық секция және үйірмемен қамтылған.
Жобаны ілгерілету үшін 2026 жылға жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралды.
Өңірде 7 лагерь (Арал «Қамбаш», Қазалы «Шағала», Жалағаш «Ақтерек», Сырдария «Жалын», Шиелі «Сыр Ұланы», Жаңақорған «Тау самалы», «Талды су») жұмыс жасайды. Оның екеуі ( «Қамбаш», «Талдысу») жыл бойы қызмет көрсетеді.
Қамту үлесі – 7 ауысымда 9 030 бала («Қамбаш» – 910, «Шағала» – 875, «Ақтерек» – 560, «Жалын» – 910, «Сыр ұланы» –700, «Тау самалы» – 560, «Талды су» – 2100).
Жаз маусымында 265 мектеп жанынан тынығу лагері тамақпен (28650), 291 мектепте тамақсыз (150 964) ұйымдастырылды.
Балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қауіпсіз ортада ұйымдастыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.