2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен аймағымыз республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды (ҰБТ-ға қатысқан – 9 352 оқушы, орташа балл – 75,7, республика – 70,1).
Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты (грант иегерлері – 4 818, орташа балл – 45,4, республика – 29,1).
2026 жылғы қаңтар - ақпан айларында өтетін ҰБТ-нің бірінші ақылы кезеңіне (тестілеу құны – 5 640 тг.) мектеп бітіруші – 10 214 оқушының 9 358 (Арал – 861, Қазалы – 971, Қармақшы – 862, Жалағаш – 440, Сырдария – 561, Шиелі – 972, Жаңақорған – 1 099, Қызылорда – 3 427, облыстық мекемелер - 165) немесе 91,6% тіркелді.
PISA
Қызылорда облысы бойынша PISA - 2025 халықаралық зерттеуіне 29 (24 мектеп, 5 колледж) білім беру ұйымдары іріктелініп алынды.
Зерттеу 2025 жылдың 1 - 22 сәуір аралығында өтті, оған 1 029 бала (оның ішінде қазақ бөлімі – 948, орыс бөлімі - 81) қатысты.
Арал – 1 (№87), Қазалы – 4 (№16, 91, 134, 238), Қармақшы – 1 (№183), Жалағаш – 2 (№201, 246), Сырдария – 2 (№36, 130), Шиелі – 2 (№50, 152), Жаңақорған – 1 (№194), Қызылорда қаласынан – 10 (Абай мектебі, №4, 11, 23, 144, 171, 217, 268, 271, 278) мемлекеттік мектеп пен бір жеке мектепте өтті («Қазбілім Қызылорда»). Халықаралық зерттеудің нәтижесі 2026 жылдың қыркүйек айында белгілі болады.
ББЖМ
2024 - 2025 оқу жылындағы Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі 2025 жылғы 7 – 30 сәуір аралығында өтті. Аталған мониторингке 5 403 оқушы қатысты (4 – сынып – 2 722, 9 – сынып – 2 681).
Арал ауданынан – 14, Қазалы – 8, Қармақшы – 10, Жалағаш – 4, Сырдария – 4, Шиелі – 9, Жаңақорған – 18 (2 жекеменшік – А. Абдуллаев атындағы мектеп, Ө. Жұмаділла атындағы мектеп), Қызылорда – 17 (4 жекеменшік – «Ансар Каусар 2020» филиал, «Ансар Каусар 2020»-3, «Орда скулл - 4», «Сыр білімі») мектеп.