Меню

Страницы

Статья

Орта білім беру бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар ақпараты

Желі – 334 мектеп (мем. – 301, жеке – 33).

Контингент – 189 288 оқушы (мем. – 174 585, жеке  - 14 703).  

2025 - 2026 оқу жылында 1 - 11 сыныптағы оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға артты (2024 - 2025 оқу жылында 184 924 оқушы білім алды).

1 - сыныпқа қабылданған оқушы саны – 17 665.

2025 - 2026 оқу жылының І жарты жылдығындағы орташа білім сапасы – 71,7%.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген мектеп саны – 10. Жобалық қуаты – 6 900 орын, оқушы саны – 9 325 (о.і. мад тобы - 645).

Аймақта үш ауысымды мектептер жоқ.

2024 - 2025 оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда 582 жүлделі орын иленген.

2024 - 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушы қатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8) ие болды.

Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен бірінші орынды, қоғамдық - гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленсе, 2025 - 2026 оқу жылында да қоғамдық - гуманитарлық бағытта ІІ орын, жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша ІІІ орынды иемденді.

Өткен оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың толық нәтижесін көрсету мақсатында жасалған «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтінгісіне 5 мектеп енген.

  1. С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім - инновация» лицей-интернаты;
  2. №10 «Білім - инновация» лицей-интернаты;
  3. Қазалы ауданы №276 орта мектебі;
  4. №4 Е. Әуелбеков атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
  5. Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі.

Оқулықпен қамту

2025 - 2026 оқу жылына оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін алуға 1,9 млрд.тг. бөлінді. 521 мың дана оқулық пен оқу әдістемелік кешендері сатып алынды.

2026 жылға 2,8 млрд. тг қаржы бөлінді. 748 мың дана оқулық алу жоспарлануда.

Жалпы кітап қоры 6 561 447 дана (мектеп оқулықтарын, көркем әдебиеттерді, кітапшаларды, журналдарды қосқанда). Оның ішінде, мектеп оқулығы 5 021 747 дана, көркем әдебиет және әдістемелік кітаптар, кітапшалар 1 539 700 дана.

Электронды оқулықпен қамту көрсеткіші - 100% (цифрлық оқулықтар 2 веб платформада 2 баспамен орнатылған).

Жоғары жылдамдықты интернетпен 100% мектеп қамтамасыз етілген.

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы