Облыста 300 мемлекеттік мектепте (9 мектеп-интернаттарды қосқанда) ыстық тамақ ұйымдастырылады, оның 1-і буфеттік ( Шиелі - 1).
2025-2026 оқу жылында тегін тамақпен қамтылған бала саны – 84 492, оның 63 560-ы бастауыш сынып оқушылары, 5-11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал 21 932 оқушы
2025 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. 312 млн. тг. бөлінген.
Орташа тамақтану құны 620 тг. құрайды.
2025-2026 оқу жылы орта білім беру ұйымдарына арналған ас-мәзірі денсаулық сақтау басқармасымен бекітілді.