Биылғы жазғы демалыс кезеңінде 172 116 оқушыны немесе 98% білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Оның ішінде, мектеп жанынан жұмыс жасайтын 265 жазғы тынығу лагері тамақпен ұйымдастырылып, онда 28 650 оқушы, 291 лагерь тамақсыз ұйымдастырылып, онда 130 964 оқушы демалды.
Аймақтағы қала сыртында орналасқан 8 лагерь мен орталықтарда 7 ауысымда 7 153 бала демалыспен қамтылды.
Бұдан бөлек, жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында этножоба «Ауылым-алтын қазығым», «Ауыл лайф», «Сыр камп», «Дәстүрлі қоржын», «Жас қазақ», «Киелі Қазақстан» жобалары ұйымдастырылды.
Оқушыларды спортқа баулу, зияткерлік қызығушылығын арттыру бағытында «Сыр лигасы» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылады.
Бұл жоба 130 мыңға жуық оқушыны қамтып, үлкен футбол, отбасылық волейбол, жайдарман, дебат, жігіттердің сұлтаны, ана тілі аруы, жас мобилографтар секілді 7 сайыс түрінен өтуде.