Мектеп саны – 339;
300 мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде оқытатындар - 271, аралас оқытатындар - 29). Мемлекеттік мектептердің жобалық қуаты – 148 880 орынды құрайды.
39 жекеменшік (Қызылорда – 27, Шиелі – 2, Жаңақорған - 10);
Жаңа 2025 – 2026 оқу жылында 1 - 11 сыныптағы оқушылар саны – 189 288 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға артық.
Биылғы жылы 1 – сыныпқа 17 423 бала қабылданды (қабылданғаны – 16 589 немесе 95 пайыз, қазақ сыныбына – 15 622, орыс сыныбына - 967).
2024 - 2025 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны – 9 549.
2025 жылы ҰБТ - ға 8 402 оқушы (88%) қатысты.
2025 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 756. 1 028 оқушы «Үздік аттестат» алды.
Оқулық және оқу - әдістемелік кешендермен қамту бойынша баспалармен 83 келісім шарт, тасымалдау қызметіне қатысты 9 келісім шарт жасалды. 1,9 млрд.тг. қаржыға 521 мың дана оқулық сатып алынып, толық таратылды.
Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Аймағымызда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде.
Бүгінде 3 мың орындық 6 мектеп ел игілігіне табысталды.
Қалған 4 мектептің 3-еуі жаңа оқу жылында, 25 тамыз күні Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «келешек мектебі» ел игілігіне табысталды, 27 тамыз күні Қызылорда қаласы Арай мөлтек ауданынан 1 500 орындық, Қызылжармадан 600 орындық келешек мектептері пайдалануға берілді.
Қалған бір мектеп (Қызылорда қ. СПМК-70 м/а 1500 орындық) қазан айында пайдалануға беріледі.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық, олимпиада және ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне 1 095 оқушы қатысып 532 оқушы жүлделі орындарды иеленсе (І орын – 86, ІІ орын – 168, ІІІ орын – 280), қорытынды кезеңге 44 оқушы қатысып 13 оқушы жүлделі орындар (І орын - 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6, «Алғыс хат» - 8) иемденді.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына жалпы 42 оқушы қатысып 28 оқушы жүлделі орындарға (І орын - 6, ІІ орын - 7, ІІІ орын - 15) ие болды.
2024 – 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушы қатысып,
39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8) ие болды.
Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен бірінші орынды, қоғамдық - гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленді.
Өткен оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың толық нәтижесін көрсету мақсатында жасалған «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтінгісіне 5 мектеп енген.
Ақпарат үшін: 1. С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім - инновация» лицей-интернаты; 2. №10 «Білім - инновация» лицей-интернаты; 3. Қазалы ауданы №276 орта мектебі; 4. №4 Е. Әуелбеков атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты; 5. Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі.
Цифрландыру мен электронды құрылғылар
Аймақ мектептеріндегі компьютерлік құрылғылардың саны - 44 170 дананы кұрайды.
2018 жылы облыстағы компьютерлерді ауыстыру мақсатында мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында 8 096 компьютер жаңаланды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,2 млрд. теңгеге 4 802 планшет, 14 362 ноутбук, 3 706 компьютер, жалпы 22 870 техникалық құрылғылар алынды.
Бұдан бөлек мектептер сабақ процесіне қолдану үшін 3 494 дана интерактивті тақта мен панелдермен жабдықталған.
Облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының кітапханаларында барлығы 90 мыңнан аса электронды оқулықтар қоры қалыптасқан.
2023 - 2024 оқу жылында 6,2 млн. теңге қаржыға 623 дана электронды оқулықтар сатылып алынды.
Осымен бірге мектептерге 1, 2 сыныптарға 77 млн.теңге қаржыға 37 638 дана «Цифрлық сауаттылық» оқулығының электронды нұсқасы сатып алынды.
Сонымен қатар, мектептер цифрлық білім ресурстарына тіркелген («Bilim land.kz» порталы, «Daryn.Online» порталы).
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022-2024 жылдары 6 мектеп (әрқайсысы – 250 млн.теңге) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталса, 2025 жылы - 2 мектеп жабдықталуда (Байқоңыр қ. №277 мектеп-лицей, Сырдария №36 мектеп-лицей).
Жаңа оқу жылынан бастап облыс көлеміндегі 58 мектепте «Қазақстан Халқына» қоры «Білім - Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлескен дамыту және жабдықтау бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.
Балалар қауіпсіздігі
Қызылорда облысы бойынша барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.
Қала, аудандардағы білім ұйымдарының бейнебақылау жүйесін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен 2023 жылы - 453 млн теңге, 2024 жылы 456 млн. теңге қаржы бөлініп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының №69 бұйрығына сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, №117 бұйрық бойынша қала, аудан орталықтарындағы және бала-персонал саны 700-ден асатын білім беру ұйымдары турникетпен, лицензияланған күзетпен - 100 пайыз қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдары дабыл түймесімен және хабарландыру жүйесімен (оповещение) толық жарақтандырылған.
Осы жылы мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен - 1 млрд 385 млн тг. қаржы бөлінді.