Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізуге байланысты облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, аймақтағы кәсіптік білім беру саласын трансформациялаудың жол картасы қабылданды.
Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік). Оны ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлары даярлануда.
Жалпы – 20 584 студенттің 4986-і жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Ағымдағы жылы 2 колледж базасында (Арал индустриальды-техникалық және Қызылорда құрылыс және бизнес колледждері) «Тігін цехы» ашылып жұмыс жасауда.
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі энергетика, құрылыс мамандықтары бойынша «АРЕС Training Center» тренингтік орталығы арқылы халықаралық аккредитациядан сәтті өтіп, халықаралық стандарттарға сәйкес кадрлар даярлауға мүмкіндік алды.
Сонымен бірге, халықаралық байланысты дамытуға орай колледждер Түркия, Қырғызстан, Германия, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Польша мемлекеттерімен 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен барлығы – 161 ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Сонымен қатар, Польшаның «WSG BYDGOSZCZ» БИДГОЗК Университетімен салааралық каластер құруға (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі) және Германия мемлекеті “7 RIVERS" компаниясының 80,0 млн. тг тапсырысы негізінде «Шыны талшықтарын өңдеу» мамандығы бойынша 100 маман даярлауға екі жақты келісім-шарттарға қол қойылды.
"Мамандығым - Болашағым" жобасы аясында мамандықтар «Атласын» әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 22,0 млн теңге қаржы бөлініп, конкурс өткізілді. (23.05.2025, 12.06.2025). "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жекеменшік мекемесі жеңімпаз атанды. Жыл соңына дейін мамандықтар «Атласы» әзірленетін болады.
Жұмысшы мамандықтар жылы жүзеге асырылатын барлық іс-шаралар ай сайын «Битрикс» ақпаратты жүйесіне енгізілуде.
«Мансап компасы» платформасы арқылы 3000 оқушыға кәсіби бағдар беру, 20 мың оқушыға кәсіпорын базаларына экскурциялар ұйымдастырылып, 40 мектеп базасында бейінді сыныптар ашылды.
1500 оқушының қатысуымен «Jas Skills», «Junior Skills» шеберлік конкурстары өткізілді. Колледждер базасында 300 кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен ашық есік күндері ұйымдастырылды.
2025 жыл 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Саут-Сойл» компаниясының демеушілігімен құны 4,8 млрд теңгені құрайтын 250 орынды жатақханасы бар 400 орынды Музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушылар саны артты (РБ – 2200 орын, ЖБ – 3108 орын, жалпы – 5308 орын. 2024 жылы – 4608 орын).
2024 жылы колледждерді 5895 студент, оның ішінде 3916 мемлекеттік тапсырыспен оқуын аяқтады. Жыл көлемінде 4986 бітіруші жұмысқа орналасып, көрсеткіш 84,5 пайызды құрады.
Бүгінгі күні, мемлекетік 15 колледж жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелермен шефтік қамқорлыққа байланысты екі жақты келісім-шарттарға қол қойып, тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда.
Абылай хан атындағы жоғары колледжі базасында ағымдағы жылы «Тігін ісі» мамандығы бойынша шағын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.
Арал индустиалды-техникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі базасында «Құзыреттілік орталығы» ашылатын болады.
Сонымен қатар, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық және М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - IT колледждері базасында студенттер үшін «Бизнес-стартап» жобасы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың қараша айында мектеп оқушылары үшін «JuniorSkills» кәсіби шеберлік конкурсы, инженер-педагогтар арасында «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша республикалық байқау өткізу жоспарланып отыр.
«WorldSkills» Ұлттық чемпионаты кәсіптік білім беру саласында оның ішінде жұмысшы құзыреттіліктерінің беделін көтеруге, жастардың қызығушылығын арттыруға, ең бастысы еңбек нарығына қажетті кадрларды халықаралық талаптарға сәйкес даярлауға мүмкіндік береді.
Еліміздегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында 2015 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионаты өткізіліп келеді.
Ақпарат ретінде: 2022 жылы республикалық байқауға 16 жұмысшы құзыреттілігі бойынша қатысқан Сыр өңірінің командасы 2 алтын, 1 күміс, 1 қола және 7 арнайы медалионға ие болды. Ал 2023 жылы студенттеріміз 1 алтын, 1 қола және 4 медальонмен марапатталды.
2024 жылы аймақтық іріктеуде үздік атанған 24 студент Ұлттық чемпионатқа қатысып, өңіріміздің намысын қорғады.
Нәтижесінде қатысушыларымыз 1 алтын, 1 қола және 10 медальонмен марапатталды.
ҚР Ұлттық чемпионаттан алтын алған «Абылай хан» жоғары колледжінің студенті Жансая Абдуллаева ағымдағы жылдың қыркүйек айында EuroSkills чемпионатына қатысты.
2025 жылғы 4-10 қазан аралығында Ақтау қаласындағы «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты 10 құзыреттілік бойынша өткізіліп, 7 мемлекеттен 53 студент қатысты. «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «Абылай хан» жоғары колледжінің студенті Жансая Абдуллаева 1 орын иеленіп, алтыннан алқа тағып, еліміздің атын шығарды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жұмысшы мамандықтар жылында республика көлемінде әрбір сала бойынша үздік колледждерді анықтады. Осы ретте, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі республика бойынша «Үздік педагогикалық колледж - 2025» номинациясының жеңімпазы атанды.