Меню

Страницы

Статья

Техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Облыста 28 (17 - мемлекеттік, 11 - жеке) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - колледждер) жұмыс жасайды.

Бүгінде колледждерде мамандар даярлаудың 11 бағыты бойынша 19871 студент (12445 - мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, 7426 - ақылы негізде) білім алуда.

17 мемлекеттік колледжде студенттер контингенті – 10682, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - 7952.

11 жеке колледжде студенттер контингенті - 9189, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 4493.

2023-2024 оқу жылында 4668 мектеп бітіруші түлектің мемлекеттік білім беру тапсырысы (ЖБ-3108 орын, РБ-1560 орын) негізінде тегін кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар, 23 колледжде 87 мамандық бойынша 3228 студент дуалды оқыту негізінде білім алуда.

2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес пилоттық жоба ретінде (2024-2025 жылдары) Қазалы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базаларында жалпы орта мектептердің 10-11 сыныптардың 46 оқушысы жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда. Яғни, мектеп бітіруші аттестатпен бірге диплом алып шығатын болады.

Бұл жоба, біріншіден, білім алушылардың мамандық иесі атанып, еңбек нарығына ерте араласуына мүмкіндік береді, екіншіден, қоғамда жұмысшы құзыреттілігінің беделін көтеріп, жастардың қызығушылығын арттырады.

Түлектердің білім сапасын арттырып, олардың жұмыспен қамтылуы басты назарға алынған. Өйткені, колледждерді бітірген жас мамандардың арасында жұмысқа орналасу мәселесі туындайды. Осы орайда, кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша колледждерге 2022 жылы - 119, 2023 жылы - 251 талапкер әңгімелесу арқылы оқуға қабылданды.

2023 жылы колледждердің күндізгі бөлімін бітірген 5293 түлектің 4585-і (86,6 %) жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 3401 бітірушінің 2903 (85,4%) жұмыспен қамтылды (жұмысқа орналасу көрсеткіші зейнетақы төлеу орталығы арқылы анықталады).

«Жас маман» жобасы шеңберінде облыстағы 9 мемлекеттік колледж заманауи құрал жабдықтармен, техникалармен жарақтандырылды.

«Жас маман» жобасы колледждерде студенттерді демонстрациялық емтихандарға, сонымен қатар WorldSkills чемпионатына кандидаттарды дайындау үшін пайдаланылатын жаңа жабдықтармен жабдықталған құзіреттілік орталықтарын ашуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні 9 колледжде 12 құзіреттілік орталығы ашылды, оның ішінде 10 құзіреттілік орталығы WorldSkills талабы бойынша жаңа білім беру бағдарламасы негізінде білім беруде.

«Жас маман» жобасы енгізілген колледждерге ендігі жерде шағын кәсіпорындар ашып, өз өнімдерін шығарып, оны сатып, бюджеттен тыс табыс табуға мүмкіндіктер жасалуда.

2024 жылы 2 колледж жанынан 2 шағын орталық ашу жоспарға енгізілді (Арал индустриалды-техникалық колледжі, С. Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі)

Облыс орталығындағы И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі халықаралық стандарттарға сәйкес  «Электрмен қамтамасыз ету» (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша құзіреттілік орталығын ашу мақсатында  халықаралық аккредитациядан өтуге бағытталды.

Колледж - «Жас маман» жобасы аясында энергетика саласы бойынша заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, сұранысқа ие мамандар даярлауды жүзеге асырып келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі.

Негізгі мақсаты - білім алушылардың шетелдік компаниялардың халықаралық стандарттары мен талаптарына негізделген жаңа білім беру бағдарламасын игеріп, Европа елдерінде жұмыс жасауға мүмкіндік алу.

Қазіргі уақытта колледж халықаралық аккредитациядан өту  үшін Атырау қаласындағы «APEC тренинг орталығымен» 24,0 млн. теңгеге келісім-шартқа отырып, кезең-кезеңімен жұмыстарды ұйымдастыруда. Қаржы колледждің бюджеттен тыс тапқан табысының есебінен іске асырылуда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі – 4608–ді құрайды (жергілікті бюджет – 3108 орын, республикалық бюджет – 1500 орын). Қаржысы – 2,5 млрд. теңге.

2024 жылы 9-сынып түлектерін сұранысқа ие мамандықтар бойынша 90% тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту жоспары тұр.

 

Дата публикации
11 июля 2024
Дата обновления
11 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Есеп
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында азаматтық бюджеттің атқарылу есебі
Мақалалар
21 октября 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша ақпарат

Социальные медиа

Facebook
Youtube
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы